8 727 313 30 90
8 727 313 30 93
Almaty Management University түлектерімен жұмыс және мансапты жоспарлау орталығы университет студенттері мен түлектеріне мансапты жоспарлау және дамыту, сонымен қатар түлектердің университетпен және бір-бірімен байланысын орнату және қолдау бойынша көмек көрсетеді.
 
Магистранттардың оқу бағдарламасында дайындық бағыттары бойынша әр түрлі компанияларда тәжірибеден өту мүмкіндігі қарастырылған:
- бейіндік магистратура үшін өндірістік тәжірибе;
- ғылыми-педагогикалық магистратура үшін зерттеу практикасы.
 
Магистранттарға эксперименттік-зерттеу / ғылыми-зерттеу жұмысы кезеңінде ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі беріледі, бұл магистранттарға өз көрсеткіштерін және жұмыстағы қабілеттерін жақсартуға мүмкіндік береді және одан әрі сапалы жұмысқа орналасуға көмектеседі.
 
Магистранттар үшін білім беру бағдарламасы шеңберінде тұлғалық даму сапасын арттыру және ұғымдық аппаратты жақсарту үшін өз саласындағы үздік мамандардан, қоғам қайраткерлерінен, спортшылардан және үздік экономистерден мастер-класстар мен тренингтер өткізіледі.
 
.