8 727 313 30 90
8 727 313 30 93

 

Жыл сайын Almaty Management University білімге құштар талапкерлер мен студенттерге қолдау көрсету мақсатында университеттің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 120 миллион теңге қаржы бөледі.

AlmaU ІШКІ ГРАНТТАРЫ МЕН ЖЕҢІЛДІКТЕРІ 

1. ЫНТАЛАНДЫРУШЫ гранттар және жеңілдіктер

2. АКАДЕМИЯЛЫҚ гранттар, жеңілдіктер және стипендиялар

3. ӘЛЕУМЕТТІК гранттар және жеңілдіктер:

    • 5-100% - жетім-студенттерге, студент-мүгедектерге, ата-анасының бірінші (I) және екінші (II) топтағы мүгедектігі бар, көп балалы және тұрмыстық жағынан аз қамтылған студенттерге. Жеңілдіктер жеке өтініштер негізінде беріледі және Комиссия күзгі кезеңде қаралады.

4. КОРПОРАТИВТІК және басқа жеңілдіктер түрлері: Қызметкерлер мен Университет қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне барлық растаушы құжаттар бар болған жағдайда және жеке өтініші негізінде оқудың барлық кезеңіне 10%-дан 50%-ға дейін жеңілдік беріледі.

КОМПАНИЯЛАР МЕН ҚОРЛАР

Almaty Management University өз студенттері мен талапкерлеріне гранттар бөлумен қатар, қаржылай көмек көрсету үшін әртүрлі қор, ұйым және компаниялармен бірлесе жұмыс істейді.

 
«Ержан Тәтішев Қоры» ҚҚ арнайы қажеттіліктері бар жастарға арналған стипендиялар

«Ержан Тәтішев қоры» табыс түсірмейтін қоғамдық қайырымдылық қор болып табылады, конкурстық негізде білім беру гранттарын бөледі. Толық ақпаратты сайттан алуға болады

«Бес Тірек» білім беру гранты

«Ержан Тәтішев Қоры» бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты - көшбасшылық қасиеттері бар және кәсіпкерлік қызметке деген ұмтылысымен үздік студенттерді анықтау және қолдау, Алматы Менеджмент Университетінің (АлмаУ) бакалавр дәрежесін алу. Бағдарламаға қатысуға мектеп және колледж бітірушілері, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар және кәсіпкерлік саласында білім алуға және өз бизнесін ашуға тілек білдірген балалар үйінің түлектері қатыса алады. Оқу грантына келесі шығындар жатады: оқу ақысы; ай сайынғы стипендия (сабақ қорытындылары бойынша); бизнес ашу үшін грант; шетел студенттеріне арналған орындар; Алматы қаласынан емес студенттер үшін жылына бір рет оқу орнына бару.

 
 

Конрад Аденауэр атындағы қор

    • Конрад Аденауэр атындағы қор –жергілікті Sur-Place стипендиясына конкурс өткізеді (5 ай мерзімге жарамды).
    • Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқып, конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қордың стипендиаты бола алады. 

«TAIBURYL» ҚБ стипендиялары

Қоғамдық қор «Білім беруді қолдау» бағдарламасын жүзеге асырады, оған мектеп оқушыларына білім беру гранттары мен гранттар кіреді. «TAIBURYL» стипендиясы техникалық, медициналық, гуманитарлық, әлеуметтік және экономикалық ғылымдар саласында оқып жатқан талантты және болашағы бар қазақстандық студенттердің білім беру, ғылыми және тәжірибелік қызметін ынталандыруға бағытталған.

Толық ақпаратты төмендегі веб-сайттан алуға болады: http://taiburyl.kz/kz/ 

Назар аударыңыз! Мемлекеттік, ішкі және сыртқы гранттар мен жеңілдіктерді беруде өзгерістер болуы мүмкін. Толық ақпаратты университеттің қабылдау комиссиясынан анықтап білуге болады.

Қаржы орталығынан студенттік кредиттер[/b]

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ ведомствалық ұйымы білім беру кредиттеріне кепілдеме береді, жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқитын талапкерлері/студенттері екінші деңгейлі банктерден кредит алуларына мүмкіндіктері бар.
Білім беруге кредит бөлу бағдарламасының қатысушылары «Қазақстанның Халық банкі» АҚ, «Ресей Сбербанк» АҚ еншілес банкі және "Fortebank" АҚ.
Қазақстанның оқу орындарында білім алу үшін студенттік кредиттер береді.
    • кепілсіз;
    • «Қаржы орталығы» АҚ кепілдеме беру арқылы;
    • кредит беру мерзімі 12 жыл;
    • оқу орнын аяқтаған соң 6 айдан кейін кредитті жабуға болады;
    • кредит студенттің атына рәсімделеді;
    • кредит көлемі шектеулі емес;
    • кредитті рәсімдеу кезінде қолдау көрсетіледі.

Толық ақпаратты төмендегі веб-сайттан алуға болады: 
.