8 727 313 30 90
8 727 313 30 93
Докторантура білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі:
Даярлау бағытының  коды   және атауы Докторантура білім беру бағдарламасы тобының атауы «Алматы Менеджмент Университет» ББМ білім беру бағдарламаларының атауы
 8D041 Бизнес және   басқару  D072 Менеджмент және басқару  8D04101 Менеджмент
 8D04102 Іскерлік әкімшілік
 D074 Қаржы, банктік және   сақтандыру ісі  8D04104 Қаржы
 D075 Маркетинг және жарнама  8D04103 Маркетинг
 
PhD докторантурасының білім беру бағдарламаларында оқыту мемлекеттік гранттар бойынша және ақылы негізде жүзеге асырылады.
 
 
PhD докторантурада кадрлар даярлау ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.
PhD докторантурасына сондай-ақ педагогикалық бейіндегі жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын меңгерген бейінді оқыту магистрлері қабылданады.
Философия докторын (PhD) даярлаудың білім беру бағдарламасы ғылыми-педагогикалық бағытқа ие және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі және ғылыми сала үшін ғылымның Бизнес және басқару бағыты бойынша іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеу дайындығын және пәнді терең зерделеуді болжайды.
 
Докторантураның білім беру бағдарламасының мазмұны:
Атауы Семестр бойынша бөлу Академиялық кредиттер
1  Теориялық оқу 15
2  Практикалық даярлау 2-5: 28
2.1  педагогикалық практикасы 2-3  14 
2.2  зерттеу практикасы 4-5  14 
3  Докторлық диссертацияны орындауды қамтитын   докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы 1-6  115
4  Қорытынды аттестаттау 12
 
Докторанттың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар жоғары білім берудің үшінші дәрежелі Дублин дескрипторлары (докторантура) негізінде анықталады және оқыту нәтижелері арқылы меңгерген құзыреттіліктерін көрсетеді.
 
Оқыту нәтижелері барлық білім беру бағдарламасы деңгейінде де, сондай-ақ жеке модульдер немесе оқу пәндері деңгейінде де қалыптасады.
 
Еуропалық жоғары білім беру кеңістігі Біліктіліктің кешенді негіздері шеңберіндегі үшінші деңгейлі дескрипторлар білім алушының мынадай қабілеттерін көрсететін оқыту нәтижелерін айқындайды:
1) зерттеу саласын жүйелі түрде түсінгенін көрсету, осы салада қолданылатын дағдылар мен зерттеу әдістерін меңгеру;
2) маңызды ғылыми процестерді ғылыми көзқараспен ойлау, жобалау, енгізу және бейімдеу қабілетін көрсету;
3) ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялауға лайық ғылым саласының шекарасын кеңейтуге өздерінің түпнұсқа зерттеулерін енгізу;
4) жаңа және күрделі идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу;
5) өздерінің білімдері мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және жалпы жұртшылыққа жеткізу;
6) білімге негізделген қоғамның технологиялық, әлеуметтік немесе мәдени дамуында академиялық және кәсіптік тұрғыда дамытуға жәрдемдесу.
.