8 727 313 30 90
8 727 313 30 93

«Менеджмент» мамандығы

Академиялық дәреже: Экономика және бизнес бакалавры
Білім беру бағдарламасының шифры: "6В04101-Менеджмент"
Бейіні бойынша пәндері: 
мектептен кейін: математика және география
колледжден кейін: экономика негіздері және менеджмент
Оқу түрі және оқу ұзақтығы:
күндізгі (мектептен кейін) – 3 жыл
ТжКБ негізінде (колледжден кейін) күндізгі – 3 жыл
ТжКБ негізінде (колледжден кейін) күндізгі – 2 жыл
сырттай қашықтықтан оқыту (колледжден кейін) – 2 жыл

Мамандықтың сипаттамасы. 

"Менеджмент" - әлеуметтік-экономикалық жүйелерді әзірлеу және құру (ұйымдастыру), барынша тиімді пайдалану (басқару) және бақылау.

 

Оқыту барысында "Менеджмент" мамандығының студенттері әзірленген құзыреттілік моделіне сәйкес: бизнесті дамытудың практикалық құралдарын пайдалану бойынша білімі мен дағдысы болуға, оны іске асыруға бағытталған іс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға; компания қызметкерлерінің мінез-құлқын талдауға, кәсіпорынның нарықтық мүмкіндіктерін бағалауға тиіс; компанияның бәсекелестік артықшылықтарын айқындау және зерттеу нәтижелері мен басқарушылық шешімдерді ұсыну бойынша негізделген есептерді ұсыну кезінде зерттеулерді жүзеге асыру саласындағы білімді, іскерлікті және дағдыларды жұмылдыру, проблемаларды айқындау кезінде шешімдер қабылдау қабілетіне ие; нарықтардағы операцияларға байланысты басқарушылық шешімдер қабылдау және ағымдағы проблемаларды айқындау кезінде шешімдер қабылдау құзыретіне ие болады.

 

Оқытудың артықшылықтары. Университеттегі «Менеджмент» білім беру бағдарламасы студенттерді дайындауды үш бағытта жүзеге асырылады;

  • HR Менеджмент - бұл траектория компаниядағы персоналды басқару секторын зерттейді, сонымен қатар стратегиялық ойлау дағдылары, аналитикалық ойлау қабілеті бар, коммуникативті немесе осы дағдыларды дамытқысы келетін адамдарға арналған. Оқыту нәтижесінде алынған құзыреттілік ірі компанияларда табысты мансап құруға мүмкіндік береді. 
  • Сorporate manager - озық технологиялар (Lean, TPM, Kaizen, 6 sigma және т.б.) негізінде өндірістік бизнес-процестерді оңтайландыру бойынша менеджерлерді даярлауға бағытталған. Бұл бағыт аналитикалық ойлау қабілеті бар жауапты, мақсатты, тез оқитын адамдарға қызықты болады.

Негізгі пәндер: Жүктеу

Халықаралық мүмкіндіктер
Қазіргі уақытта бізде 35 елде 130 университеттермен келісім бар, оның ішінде қосдипломды бағдарламалар:

  • IESEG School of Management – Франция
  • Geneva School of Business – Швейцария
  • ESC Rennes Business School – Франция
  • Solbridge International Business School - Оңтүстік Корея

«Менеджмент» мамандығында оқыған түлектер төмендегідей компанияларда жұмыс істейді:

  • Air Astana
  • McDonald’s Kazakhstan
  • Kcell
  • Danone
  • Nilson
  • ChocoFamily
  • Samsung
  • MARS
  • Phillip Morris Kazakhstan
  • JTI
  • Coca-Cola
  • BURGER KING KAZAKHSTAN және тағы басқа.
. page_specialty_b