8 727 313 30 90
8 727 313 30 93

Алматы Менеджмент Университеті ББМ Бакалавриат бағдарламасына құжаттарды қабылдау талапкердің өтініші бойынша конкурс негізінде сертификат балдарына сәйкес жүзеге асырылады:
1. ағымдағы жылдың түлектері, сонымен қатар өткен жылдың түлектері үшін - бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша (ҰБТ);
2. колледж түлектері үшін,  үшін - қысқартылған ҰБТ қорытындысы бойынша.

Толығырақ: https://testcenter.kz/

Назар аударыңыздар! «Алматы Менеджмент Университеті» білім беру мекемесіне шекті балл - 50 балл және әр пәннен кем дегенде 5. 

Ағылшын тілі бөлімі. Ағылшын бөліміне түсу үшін төменгі шекті балл: IELTS 5.0 TOEFL ITP - 460; TOEFL IBT - 87; TOEFL - 560. Бұл сертификаттар болмаған жағдайда ішкі университеттік емтихан қабылданады.

Оқуға қабылдануға қажетті құжаттар тізімі.

Білім беру грантына ие болу үшін және ақылы оқу бөліміне конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:

  1. Өтініш ( Қабылдау Комиссиясында толтырылады);
  2. Жеке куәлік және оның көшірмесі;
  3. Жалпы орта білімі, техникалық және кәсіби білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (бастауыш және орта кәсіби, содан кейін орта) немесе жоғары білімі туралы (аттестат/диплом қосымшасымен);
  4. 6 фотосурет ( 3х4 өлшемде);
  5. 075-У үлгідегі медициналық анықтама (флюорография суретімен);
  6. Денсаулық паспорты (немесе 063 үлгідегі егу картасы);
  7. Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің сертификаты;
  8. Мемлекеттік білім беру грантын алу құқығына ие болғанын растайтын құжат (бар болса);

 

Шетелдік студенттер үшін қосымша мына құжаттарды көрсетулері керек:

  1. Оқуға кедергі келтіретін аурулары жоқтығы жайында медициналық анықтама;

  2. Медициналық сақтандыру;

  3. Сотталғаны немесе сотталмағаны жөніндегі анықтама.

Ескерту:

Шет тілінде ұсынылған құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды расталған аудармасымен болуы керек. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар нострификация процедурасынан жеке тұлға оқуға қабылданғаннан кейін 1 семестрде бекітілген заңнаманы сақтай отырып, өткізіледі.  

Кешенді тестілеу өткен жылғы жалпы орта білім беру ұйымдарынің (орта жалпы) түлектері, техникалық және кәсіби ( бастауыш, орта кәсіби) ұйымдардың түлектері үшін, содан кейін орта білім беру, шетелде халықаралық алмасу жүйесі бойынша жалпы білім беру мектептерінің түлектері үшін, сонымен қатар шетелде оқу орындарын бітіргендер үшін өткізіледі.

 

1. Колледжден кейінгі үміткерлер, НЗМ, РФМШ бітірушілерге:Колледжден кейінгі үміткерлер, НЗМ, РФМШ бітірушілері, бакалавриат бағдарламаларының 2 курсына түсетіндер ішкі емтихандардан өтеді 

2. Колледжден кейін ағылшын бөліміне ақылы түрге үміткерлер және 2-ші курсқа түсетін НЗМ-нің түлектері үшін ағылшын тілінен тестілеу тапсырады.

 

*НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Ақпаратты нақтылауыңызды сұраймыз, өзгерістер болуы мүмкін. Тел: 8(727) 313-30-90 (93).

.