8 727 313 30 90
8 727 313 30 93
Магистратураға түсушілер кешенді тестілеу (КТ) тапсырады.
 

Магистратураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген тұлғалар қабылданады.
Магистратураға түсуші тұлғалар кешенді тестілеуді (КТ) тапсырады.

ЖАЗДА:
КТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау 1 маусымнан 15 шілдеге дейін жүзеге асырылады
КТ 1 мен 15 тамыз аралығында өткізіледі.
Оқуға қабылдау-25 тамызға дейін.

КҮЗДЕ - ҚЫСТА:
КТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау қарашаның 5-нен 18-не дейін жүзеге асырылады
КТ 19 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізіледі.
Оқуға қабылдау 26 желтоқсан мен 10 қаңтар аралығында өтеді.

КТ өткізілу күндері: https://clck.ru/c5pVr -сілтеме бойынша өтіңіз.

КТ өткізу форматы: https://clck.ru/Xak3w - сілтеме бойынша өтіңіз.

КТ бойынша тест-сұрақтар үлгілері: https://clck.ru/Xak24 - сілтеме бойынша өтіңіз

КТ-ға тіркелу: оқуға түсуші кешенді тестілеуге қатысуға өз бетінше онлайн өтініш береді. Ол үшін келесіні істеу қажет:

1. https://app.testcenter.kz/ сайтқа кіріп, интерфейс тілін таңдаңыз.
2. Электрондық поштаны көрсете отырып тіркеуден өтіңіз (электрондық поштаға келген хатта электрондық поштаны растау қажет).
3. Алынған логин мен пароль арқылы авторизациядан өтіңіз (логин мен пароль көрсетілген хатты жоюға болмайды);
4. ЖСН жазыңыз, Іздеу батырмасын басып (ТАӘ автоматты түрде шығады) байланыс телефон нөміріңізді көрсетіңіз
5. "Өтініш беру" бөлімін таңдап - магистратураға кешенді тестілеуді таңдаңыз
6. Тіркелу деректерін толтырып, келесі деректерді таңдаңыз:
- шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат
- дайындық бағыты
- білім саласы, БББТ коды және атауы
- тапсыру тілі
- бейіндік пәндер
- тестілеу қаласы
7. Тестілеу ережелерімен танысыңыз
8. Төлем әдісін таңдап, тестілеу үшін төлеңіз.
КТ-ға қатысу ақысы 14693 теңгені құрайды.
КТ нәтижелері өткізілген күні жарияланады.

"Магистр" дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үшін білім беру гранттың конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау ағымдағы жылы:

жазда - 14 тамызға дейін;

қыста - 25 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.

"Магистр" дәрежесінің мемлекеттік білім беру гранттың конкурсына қатысу үшін құжаттар тізбесі:
-   белгіленген үлгідегі бланктегі өтініш;
- жоғары білім туралы құжат (Құжат ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясына тапсырылған жағдайда түпнұсқа қажет);
- КТ сертификаты (құжатты ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясына тапсырған жағдайда);
- 075-У медициналық анықтамасы;
- жеке куәліктің көшірмесі.

Магистратураға түсуші өтініште білім беру бағдарламаларының тобын және үш ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.
Магистратураға түсуші тұлғалар қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:
1) ЖЖОКБҰ басшысының атына өтініш;
2) жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;;
5) 075-У нысанындағы медициналық анықтама;
6) Шет тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (болған жағдайда);
- ағылшын тілі: IELTS, кемінде 6.0; TOEFL IBT, кемінде 60; TOEFL PBT, кемінде 498;
неміс тілі: DSH, C1; TestDaF-Prufung, C1;
француз тілі: TFI, оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес; DELF, B2 деңгейі; DALF, C1 деңгейі; TCF, кемінде 50 балл
7) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі;
9) КТ тапсырғаны туралы сертификат.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған кезде қабылдау комиссиясы оқуға түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
Магистратураға қабылдау үшін шекті балл:
1) ақылы негізде:
ғылыми-педагогикалық магистратураға-кемінде 75 балл, оның ішінде:
- шет тілі бойынша-кемінде 25 балл,
- білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша:
бір дұрыс жауапты таңдау-кемінде 7 балл,
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау кезінде-кемінде 7 балл
- оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша-кемінде 7 балл;
бейіндік магистратураға-кемінде 50 балл, оның ішінде:
- білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша:
бір дұрыс жауапты таңдау-кемінде 7 балл,
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау кезінде-кемінде 7 балл
- оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша-кемінде 7 балл;
2) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша - кемінде 75 балл, оның ішінде:
- шет тілі бойынша-кемінде 25 балл,
- білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша:
бір дұрыс жауапты таңдау-кемінде 7 балл,
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау кезінде-кемінде 7 балл,
- оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша-кемінде 7 балл
Шетел азаматтарын ақылы негізде оқуға қабылдау Қабылдау комиссиясы күнтізбелік жыл ішінде өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен танылады.
Шет тіліндегі құжаттар нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса ұсынылады.

 

.