8 727 313 30 90
8 727 313 30 93
Алматы Менеджмент Университетіне шетел мемлекетінің азаматтары Жоғары оқу орындарына шетелдіктерді қабылдау туралы Ережеге сәйкес оқуға түсе алады.
Шетел мемлекетінің азаматтары университеттің барлық оқу түріне, яғни бюджеттік және келісім шарт негізінде оқуға қабылдана алады.
Аталған нұсқаулық Қазақстан Республикасына шетел азаматтарының келу, кету № 136. 28.01.2000 ж. ҚР Үкіметі шешімімен бекітілген Ережесі негізінде құрастырылған.
 
 
 1.Шетелдік студенттің міндеті:
Алматы қаласына келген күні (немесе келесі күні) өзінің міндеттері мен құқықтарын білу үшін Қабылдау комиссиясына келуі тиіс.
Алматы қаласына келген күні (немесе келесі күні) Алматы қаласының Көшіқон полициясы Басқармасына есепке тұрып, өзінің төлқұжатын тіркету үшін Қабылдау комиссиясына  төмендегідей құжаттарды тапсыруы керек:
  • төлқұжаттың түпнұсқасы (немесе ҚР-да тұруға рұқсат беретін құжат бар болған жағдайда);
  • медициналық анықтама  086-У форма (флюорография суретімен);
  • көлемі 3x4 төрт фото сурет;
  • білім алуға кедергі келтіретіндей аурулары жоқ екендігін растайтын медициналық анықтама (ЖИТС-анықтама);
  • пәтер жалдап тұрған жағдайда, пәтер иесі құжаттарының көшірмесі (жеке куәлік/ төлқұжат, нотариалдық кеңсенің тұруға берген рұқсаты бар жалға беру туралы келісім шарты).
 
2.Шетелдік студент уақытылы істеуі тиіс шаралар:
 
  • өз төлқұжатының жарамдылық мерзімін ұзартып тұруы керек;
  • төлқұжатын жоғалтып алған жағдайда оны қайта алуы қажет;
  • СТН рәсімдеуі тиіс;
  • Қазақстан Республикасында тұру үшін берілген рұқсат қағазын рәсімдеуі керек (қажет болған жағдайда).
 
3.Қосымша ақпараттар:
 
Шетелдік азаматтардың келіп, кету ережесі
Қазақстандағы шетелдік консулдықтар мен елшіліктер
Оқуға түсуге қажетті құжаттар тізімі
 
  1. Алматы қаласы Көшіқон басқармасының шетелдік студенттерді қабылдау күндері: сейсенбі, жұма (10.00-12.00);
  2. Білім алушылар ҚР-дың заңдарын немесе осы аталған Ережені бұзған жағдайда толықтай жауап береді, сонымен қатар материалдық жауапкершілікті де (айыппұл санкциялары), өз мойнына алады.
  3. Білім алушылар ҚР территориясына келуімен байланысты барлық шығындарды өзі төлейді.
 
Климат
 
Алматыда континенталды  климат қалыптасқан. Климаттық жағдайы — желсіз тымық ауа-райы және ауа қабаттарының тау аңғарлары арқылы төмен қарай ығысумен ерекшеленеді. Солтүстік және Орталық Қазақстан климатымен салыстырғанда жұмсақтау. Алматыда жаз мезгілі  ыстық емес. Ең ыстық айлар — шілде мен тамыз. Ыстық күндер температурасы 30 С° дейін — күндіз 36 С°  болады.  Жылы мезгілдерінде  шамамен 600-650 мм жауын-шашын жауады. Қыс мезгілі жұмсақтау. Ең суық ай — қаңтар. Бұл қыс айында орташа температура  шамамен - 28 °С, түнде шамамен -30 °С  Цельсияны құрайды.
 
Қазақстанда білім алуға дайындық
 
Сіз шетелге шығар кезде алдын ала дайындалғаныңыз дұрыс. Себебі керекті құжаттарды рәсімдеу қиын да күрделі, сондықтан да  ертерек қажетті заттарыңызды дайындағаныңыз жөн.
 
Қазақстанда тұруға жарамды болатын төлқұжат алыңыз (төлқұжаттың жарамдылық мерзімі Қазақстанда жоспарлы түрде болған кезіңізден 6 айдан асқан уақытқа жарамды болуы керек);
Егер виза алу қажет болса, онда өтінім беріңіз  (жақын жердегі өз еліңіздің елшілігі немесе  консулдығынан қосымша ақпарат ала аласыз);
Сізде білім алу мерзімінде  жеткілікті мөлшерде қаражат бар екендігі туралы  банктен жазбаша түрде  анықтама алыңыз. Сонымен қатар бұл құжат сізге виза алу кезінде де керек болады.
 
Қазақстан валютасы және айырбастау пункттері
 
Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге. Ұлттық банктің ресми деректері бойынша  1 АҚШ доллар бағамы бүгінгі күні 436 теңгені құрайды, 1 евро = 474 теңге. Алматы қаласында және Қазақстанның басқа да қалаларының барлық айырбастау пункттерінде  ақшаңызды теңгеге айырбастай аласыз. Теңгенің курсы біршама тұрақты, бірақ біраз өзгерістер болып тұрады. Толық та анық ақпарат алу үшін Қазақстанның Ұлттық банк сайтына кіруіңізге болады.(тарифтерді осы жерден көре аласыз).
Валюта айырбастаудың ең қауіпсіз жері банк болып табылады. Бірақ ол жерде курстың төменгі бағамы ұсынылуы мүмкін. Кейбір банктерде қызмет көрсетілгені үшін ақы алынады (транзакция үшін шамамен  2-3% ). Банктер әдетте дүйсенбіден жұмаға дейін (сағат 9.00 - 18.00) жұмыс істейді, ал кейбір банктер сенбі күні де ашық болады. Ақша айырбастағандағы ең қолайлы курс арнаулы айырбастау пункттерінде болады.
Сонымен қатар сіз өзіңіздің банктегі немесе кредиттік шоттағы ақшаңызды  қаланың барлық жерінде орналасқан банкоматтардан ала аласыз.
 
Қазақстандағы шамамен алынған баға 
 
  • Кафеде түскі тамақ ішу:  1500 теңгеден бастап (шамамен 4 АҚШ доллары)
  • 1 кесе кофе: 900 теңге (шамамен 2 АҚШ доллары)
  • 1 бөлке нан: 80 теңгеден бастап  (20 АҚШ центы)
  • 1 шиша су: 120 теңге (30 цент)
  • Такси бағасы: қалада 500 теңгеден бастап (1,2 АҚШ доллары)
  • Киноға билет: 1500 теңгеден бастап (шамамен 4 АҚШ доллары)
 
Қаланың көрнекті де көрікті жерлері
 
КөктөбеІле Алатауының бөктеріндегі көрікті жерде орналасқан төбе. Алматы қаласының оңтүстік-шығысында тұр. Абсолют биіктігі 1100 м, салыстырмалы биіктігі 370 метрдей. Беткейлері тіктеу келген. Оларда бұта, жусан аралас таудың әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндері өскен. Көктөбеде биіктігі 372 м болатын телевизиялық мұнара, қала тұрғындарының демалыс аймақтары, т.б. орналасқан. Көктөбе– Алматы қаласына панорамалық шолу жасайтын орын болып саналады. Ресми сайт: www.koktobe.com
 
Шарын шатқалы Шарын өзенін 154 шақырым бойлайтын шатқал. Шатқал Алматы қаласынан 195 шақырым шығысқа қарай орналасқан. 2004 жылдың 23 cәуірінде құрылған Шарын ұлттық паркінің құрамына кіреді.
Шарын шатқалы жасы 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстардан қалыптасқан табиғат ескерткіші. Каньон құздарының биіктігі 150-300 метрге жетеді.
Шарын шатқалы - Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа 154 км созылып жатыр. Бұл аймақтың рельефі әртүрлі. Жарқабақтың бағаналары, баурай, жыралары 150-300 м жетеді. Жарқабақ түсі Америкадағы Үлкен жарқабақтарға қарағанда ашық-қызғылт. Шарында жер шарында сирек кездесетін, мұздану кезеңінен өткен ясень кездеседі. Сирек кездесетін согдиандық түрі 25 млн жыл бұрын жер бетінде кең таралған, ал қазір қорғалатын аумақ.
 
Медеу - Алматы қаласында  орналасқан  мұз айдыны. Теңіз деңгейінен 1,691 метр биікте тұр, ол әлемдегі ең атақты мұз айдындарының бірі. Медеу 10,500 ш.м. жерді алып жатады және 10,500 көрерменді сиғызады. Мұнда халықаралық коньки жарыстары, чемпионаттар өткізіліп тұрады.
Мұз айдын кез келген мерзімде әдемі. Әлемдегі 150-ден аса үздік спорттық рекордтар бұл мұз айдынында жасалған  баршаға мәлім. Медеуде  көптеген жарыстар өткізілген. Мохнатка тауында орналасқан белгілі баспалдақтары бар. Қаладан қалың орман жабылған тау болып көрінеді. 
Ресми сайт: http://medey.kz/ru/about.php
 
Шымбұлақ тау шаңғы курорты
 
Шымбұлақ тау шаңғы курортына Қазақстандықтар ғана емес ТМД елдерінен де келіп демалатындар қатары көп. Өткен ғасырдың қырықыншы жылдары шаңғышылар Іле Алатауы баурайынан Шымбұлақ шатқалын  ашқан еді. Бұл кешен  тау шаңғышыларының олимпиадаға дайындық базасы ретінде құрылған. Жарыс жолының ені 25 метр, еңістігі 11-29 градустардың аралығында, сондықтан шаңғышылардың ең жақсы жылдамдық көрсетуіне қолайлы. Техникалық сипаттамасы жағынан Еуропаның ең жақсы жарыс жолдарынан кем емес, көп жағдайда (қарының сырғанақтық сапасы бойынша) олардан артық.
Шымбұлақ –теңіз деңгейінен 2510 метр биіктікке орналасқан, климаты жұмсақ, жылына 90 %  күн шығып тұрады,  қарашадан мамыр айына дейін  қар  жатады, қыс кезіндегі ауа температурасы -7С градусты құрайды. Бұл жерге туристер мен тау шаңғы спорты әуесқойлары жиі келеді.
 
Тау шатқалындағы жолдың ұзындығы-3620 метрді құрайды. Трассаның ені 100 ден 600 метрге дейін. Мұнда сноубордистерге де арналған жолдар бар. Осы базада ұзындығы 3100 метр 2 аспалы жол спортшыларды 3200 метр биіктікке алып шығады. Аспалы жолдардың астындағы 3 мың метрге созылған, жоғарғы және төменгі нүктелерінің биіктігі 800 м. Шаңғымен шапшаң түсу жолдарының параметрлері халықаралық талаптарға сай. Шымбұлақ шаңғы базасында спортшылар жылына 7-8 ай жаттығады. Трассаны FIS –«Шаңғы спорты жөніндегі халықаралық федерациясы» бекіткен.
Ресми сайтhttp://www.shymbulak.com
 
Үлкен Алматы өзені
 
Үлкен Алматы өзені Іле Алатау тауының бөктерінде орналасқан, ол теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте мұздықтың еруінен пайда болған. Ұзындығы - 96 км. Су жиналатын ауданы - 425 км2. Биік тау бөлігінде өзен арнасы тік, шатқалды, ені 5,0 - 7,0 метр. Мұздық, көп жылдық қар, жауын-шашын суымен толығады. Сел қаупі өте күшті өзендердің бірі. 1960 жылдары Үлкен Алматы көліне Су электр станциясы және бөгет салынған.  Сайран демалыс бөгені жасалған. Үлкен Алматы өзені  бойында  санаторилер, оқушылар демалатын лагерьлер бар.
Өзеннің жергілікті атауы-Жасылкөл, оның көлемі судың мөлшеріне байланысты 500 метрден 1000 метрге дейін  өзгеріп тұрады. Өзен негiзгiнен мұздықтар және мәңгi қарлардан су жинайды. Үлкен Алматы өзенінің жан жағында  арша тоғайлары, биiк тау шалғындары бар. Бұл орын қала тұрғындарының сүйікті орыны болып саналады.

Тұрғын үй туралы

Қала пәтерлері жайлы мәлімет:

Жеке тұрғын үйді жалға алғысы келетін шетелдік  студенттер оқу жылы басталғанға дейін университетке жақын жерден пәтерді жалдау туралы ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясына хабарласулары тиіс. Қабылдау комиссиясы пәтерлерді жалға алу, келісім шарт және коммуналдық төлемдер туралы кеңестер беріп, университетке жақын жердегі хостелдер мен пәтерлердің жаңарған тізімін бере алады.

Әр студент өз бетінше де интернет арқылы пәтер таба алады (Google арқылы, ол автоматты түрде сайттағы ақпаратты ағылшын тілінен аударады). 

Пәтердің орташа бір айлық бағасы 200-500 долларды құрайды. Алматы қаласындағы пәтердің бағасы оның көлемі мен орналасқан жеріне байланысты болады. Біз студенттерге бір пәтерде 2-4 адамнан тұрып жалдау ақысын бөліп төлеулерін ұсынамыз. Осылайша пәтер жалдау студенттік жатақханада тұрумен салыстырғанда қолайлы болып табылады.

.