8 727 313 30 90
8 727 313 30 93

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ

Қашықтықтан оқыту-қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен қашықтықтағы оқытушыдан  білім алу үрдісі. Қашықтықтан оқыту, үйден шықпастан 24/7 режимінде білім алу мүмкіндігі.

Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері

Қашықтықтан оқыту фомасы- оқытудың электронды технологиясын қолданып, жұмыстан қол үзбей, қолайлы уақытта кез келген жерде, жеке режимде білім алуды қамтамасыз етеді.

Аталған технологияның ерекшелігі студент университеттің–  «study.almau.edu.kz» білім беру порталын қолдана отырып білім алу процесін жүзеге асырады.

Барлық білім алушылардың виртуалды «жеке кабинеті» бар, онда  таңдаған мамандығы бойынша өз бетінше пәнді игеруге арналған оқу-әдістемелік, ұйымдастыру материалдары мен тапсырмалар салынған. Пәдерге байланысты материалдармен танысып, есептер шығарып, өздік жұмыстарға байланысты нұсқаулықтар алып, тесттер тапсырып, web сілтемелерді қолдана отырып, оқытушымен қиын сұрақтарды талқылауға мүмкіндіктері бар.

Білім алу форматы:

 

Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен онлайн түрде семинар, презентация, дәріс, тренинг, кеңестерді нақтылы уақыт режимінде өткізу.

 

Чат–сабақтар–бұл желілік технологияны қолданып өткізетін оқу сабақтарының бір түрі.Чат-сабақтарда барлық қатысушылар (оқытушылар,  тьютор және студенттер) порталда бір-бірімен жазбаша  түрде сөйлеседі. Чатта сабақтың әртүрі болады, олар: мәтіндік чат кеңес сабақтары үшін қолданылады немесе белгілі өзекті тақырыпты талқылып, пікірсайыс өткізу үшін  жасалатын сабақтың түрі болып табылады.

 

Интернет-форум- бұл оқытушының білім беру барысында интернет аудиториямен, яғни студент/тыңдаушылармен интернет желісінде байланыстыра отырып, бағдарламалар арқылы тікелей байланысқа  шығуы.

 

Интернет-кеңестер: оқу материалын түсінгендігін бекіту үшін білім алу барысында студенттің оқытушыға сұрақ қоюы.

 

Күндізгі сабақтар және емтихандық сессия апта бойы және семестрдің соңында  өткізіледі. Мұнда студент өтілген материалды оқытушыға тапсырып, тәжірибе алмасып, кеңестер алу үшін қолданады.

Білім алу мерзімі

Жоғары білімнен кейін оқу мерзімі 2 жыл болып табылады. Әр жыл екі академиялық кезеңді қамтиды (күзгі сессия және көктемгі сессия). Сессиның өту уақыты академиялық күнтізбемен әр жылға бөлек жасалады

 

Орта білімнен кейін  ( колледжден соң) оқу мерзімі 2 жыл болып табылады.Әр оқу жылында 2 академиялық мерзім  (күзгі сессия және көктемгі сессия). Сессиның өту уақыты академиялық күнтізбемен әр жылға бөлек жасалады.

 

Оқуға түсу шарттары

  1. Орта арнайы білім базасы негізінде ( колледжден кейін)

ББМ «Алматы Менеджмент Университет» бакалавриат бағдарламасына құжат қабылдау талапкердің өтініші мен сертификаттағы балдарына сәйкес конкурстық негізінде жүзеге асырылады.

            колледж түлектері үшін, сонымен қатар өткен жылдары оқу аяқтаған түлектердің кешенді тест нәтижелері бойынша  (КТ) қабылданады.

Талапкерлердің назарына! ББМ «Алматы Менеджмент Университетіне» 55 балдан бастап қабылданады.50 балдан артық, бірақ 55 балдан төмен жинаған абитуриенттер университеттің ақылы бөліміне конкурстық іріктеуден  өткен жағдайда қабылданады. Университет ректоры бекіткен декандар мен оқытушылардан құралған комиссия мүшелері талапкермен әңгімелесу өткізу арқылы конкурстық іріктеу жүргізеді. 

Толық ақпаратпен танысу үшін сілтемені басыңыз ссылке

  1. Жоғары білім базасы негізінде

Университеттің қабылдау комиссиясына құжат тапсыру мерзімі  20 маусым  25 тамыз.

Білім алу мерзімі - 2 жыл

Оқуға тапсыру үшін қойылатын талаптар: Жоғары білім туралы диплом

Білім алу тілдері: қазақ, орыс тілдері

Оқуға тапсыру үшін қажетті құжаттар:

  1. Almaty Management University ректорының атына үлгі бойынша жазылған өтініш
  2. Жоғары білім туралы диплом қосымшасымен (түптұсқа және көшірме)*; 
  3. жеке басты растайтын құжат және оның көшірмесі;
  4. медициналық анықтама  086-У форма ( флюорография суретімен);
  5. 3x4 көлемді  6 фото сурет;

 АlmaU-да қашықтықтан білім берудің артықшылықтары

 - Жұмыстан қол үзбей жеке білім алу мүмкіндігі бар;

-Уақыт және қаржы ресурстарын үнемдеу (білім алу мерзімі – 2 жыл);

-Оқу ақысы тұрақты және төлеуге қолайлы;

-Интернет білім алудың  жаңа әдістері мен білікті оқытушылар құрамы бар;

-Барлық азаматтарға білім алуға болады;

-Халықаралық деңгей стандарттарына сәйкес жоғары сапалы білім беріледі.

 

Байланыс контактілері

Кеңес алуға келіңіздер!

Біздің есігіміз әрдайым Сіздер үшін ашық!

Мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, 050060 Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 227

Байланыс телефондары:

Хабарласыңыздар! + 7(727) 313 30 90; 313 30 93

Хат жазыңыздар! vvo@almau.edu.kz; info@almau.edu.kz

Ресми сайт: www.almau.edu.kz

Instagram: almau_edu

Facebook.com/almau.edu

vk.com/almau_edu

 

.