8 727 313 30 90
8 727 313 30 93
 
 
«Есеп және аудит» мамандығы
Академиялық дәреже: Экономика және бизнес бакалавры
 

ТжКБ негізінде (колледжден кейін) күндізгі – 3 жыл

Мамандықтың сипаттамасы. «Алматы Менеджмент Университеті» ББМ «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайды. Түлек- бұл есеп жүргізу саясатын қалыптастыратын есеп бойынша менеджер, ол бухгалтерлік есеп пен аудитті ұйымдастырады, қаржы ағынына экономикалық талдау жүргізеді, мейлінше жоғары табыс табу үшін оңтайлы басқарушылық шешімдерді негіздеп, болашақта кәсіпорынның тиімді даму жолдарын анықтайды әрі құқық негіздерін еркін басшылыққа алады.

Бейінді пәндері және оқытушылар

Пәннің атауы

Оқытушының тегі, аты, әкесінің аты

Бухгалтерлік есеп негіздері

э.ғ. к., доцент Досмамбетова А.С.

э.ғ. к., доцент Ердавлетова Ф.К.

Статистика

магистр, аға оқытушы Оразалина Р.К.

э.ғ. к., доцент Досмамбетова А.С.

1С Бухгалтерия

магистр, аға оқытушы Исмухамбетова З.Н.

Салықтар және салық есебі

э.ғ. к., доцент Кененова К.А.

Қаржылық есеп 1

э.ғ. к., доцент Жумабаева М.Д.

Басқарушылық есеп 1

э.ғ. к., доцент Еспергенова Л.Р.

Қаржылық менеджмент негіздері

PhD, доцент Каршалова А.Д.

магистр, аға оқытушы Мукушев А.Б.

Халықаралық қаржылық есеп стандарттары

магистр, аға оқытушы Исмухамбетова З.Н.

Басқарушылық есеп 2

э.ғ.д., профессор Мархаева Б.А.

Экономика салаларындағы есеп ерекшеліктері

э.ғ.д., профессор Мархаева Б.А.

э.ғ. к., доцент Макишева Ж.А.

Қаржылық есеп 2

э.ғ. к доцент Еспергенова Л.Р.

Қаржылық менеджмент

PhD, доцент Каршалова А.Д.

магистр, аға оқытушы Мукушев А.Б.

Қаржылық талдау

э.ғ. к., доцент Ердавлетова Ф.К.

Басқарушылық талдау

э.ғ.д., профессор Мархаева Б.А.

Аудит негіздері

э.ғ. к., доцент Макишева Ж.А.

э.ғ. к., доцент Жумабаева М.Д.

Практикалық аудит

э.ғ. к., доцент Жумабаева М.Д.

 
Оқудың артықшылықтары. «Есеп және аудит» мамандығының оқу жоспарына кіретін бағыттар:
1) үздік шетелдік ЖОО бағдарламаларымен біріктірілген мамандық бойынша кәсіби пәндер;
2) кәсіпкерлік пәндер;
3) ағылшын тілін тереңдетіп оқыту;
4) жеке тұлға құзыретін дамытатын пәндер.
Бағдарламаның кәсіби сертификатталуы. «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы АССА (The Association of Chartered Certified Accountants) аккредитациясын алған. Білім беру бағдарламасын аккредитациялау дегеніміз AlmaU түлектері ЖОО-да осы бағдарламада оқу арқылы білім алып, дағдыларын дамытқандықтан АССА-ға тіркелгенде емтихандардан босатылады.
АССА емтихандарынан мүмкіндігінше көп жеңілдік алып, студенттер ұтымды жағдайда болады, себебі бағдарламаға ірі жаһандық қаржылық біліктілік пәндері кіреді, ал бұл оларға қысқа мерзім ішінде халықаралық дәрежеге ие болуға мүмкіндік береді.
Жоғары білікті оқытушылар құрамы.
  1. Кафедраның профессорлық- оқытушылық құрамының 71% ғылыми дәрежелері бар;

  2. Оқытушылардың 20% практиктер, олар компаниялар мен банктерде басшы лауазымдарда жұмыс істейді;

  3. Оқытушылардың 45% шетелдік университеттерде академиялық ұтқырлық және «Болашақ» бағдарламалары бойынша оқып, халықаралық машықтанудан өткен;

  4. профессор Б.А. Мархаева «ЖОО үздік оқытушысы» атағына ие болды;

  5. жыл сайын 3-5 оқытушы компаниялар мен қаржылық институттарда машықтанудан өтеді;

  6. әр курста серіктес ЖОО –дан 2-3 шетелдік оқытушы сабақ береді;

  7. кафедра оқытушылары кәсіби және халықаралық ұйымдардың мүшелері: EBES (Eurasian Business Economic Society)

Қалыптасқан дағдылардың жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келуі. Оқу жоспары және пәндердің мазмұны үнемі практиктер тарапынан сараптамадан өтеді, сондықтан жұмыс берушілердің барлық талаптарын ескеруге мүмкіндік болады. Сараптамалық қорытындыны «ForteLeasing» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Банк Центр Кредит» АҚ, «БТА Банк» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Рetrokazakhstan», «Наз и КО-НС» ЖШС, «Қазпочта» АҚ, Алматы поштамты, «Коммеск-Өмір» сақтандыру компаниясы» АҚ, «Томика» ЖШС , «НҰР САПА БЕТОН» ЖШС, «Тема Ретэйл КЗ» ЖШС, «ТЭК-Қазақстан»ЖШС , «Мак-2001» ЖШС, «Dala Croup» ЖШС және т.б. берді.
Оқытудың заманауи технологиялары. Қосарлы оқыту жүйесі. Студенттер практикалық сабақтарын серіктес кәсіпорындар базасында өтеді. Студенттер Excel, Access, 1-C Бухгалтерия бағдарламалары бойынша жұмыс істеу дағдыларын үйренеді.
Түлектерді жұмысқа орналастыру. «Қаржы» мамандығының студенттері төмендегідей компанияларда жұмыс істейді:
  1. KPMG,

  2. PricewaterhouseCoopers,

  3. Deloitte,

  4. Ernst & Young,

  5. «Crowe Horwath Nomad» ЖШС ,

  6. «BDO Kazakhstan» Халықаралық Аудиторлық компаниясы ,

  7. АК East Finance Servises және т.б.

5В050800 - «Есеп және аудит» мамандығының бакалавр түлектері ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 2012 жылдың 21 мамырында бекіткен №201 бұйрығымен бекітілген «Басшылар, мамандар және басқа да қызметкерлердің біліктілік кестесіне» сәйкес төмендегідей лауазымдарда жұмыс істей алады:
  1. Бухгалтер
  2. Аудитор (ревизор)
  3. Бухгалтер-ревизор
  4. Бас бухгалтер
.