8 727 313 30 90
8 727 313 30 93

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға КТ және (немесе) түсу емтиханы бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады:
1) ғылыми-педагогикалық және бейінді магистратура үшін – 150 балдан кемінде 75 балл;
2) оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратура үшін – 100 балдан кемінде 50 балл.

Almaty Management University жыл сайын университеттің әлеуметтік жауапкершілігі аясында оқуға ынталы, дарынды талапкерлер мен студенттерді қолдауға жеңілдікті орындар бөледі.

AlmaU ІШКІ ГРАНТТАРЫ МЕН ЖЕҢІЛДІКТЕРІ

Жыл сайын  Almaty Management University білімге құштар талапкерлер мен студенттерге қолдау көрсету мақсатында университеттің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қаржы бөледі.

Магистранттар үшін ынталандыру гранттары мен жеңілдіктері:

1. Магистратура бағдарламаларында оқитын «Алматы Менеджмент Университеті» ББМ түлектеріне жеңілдіктер. Жеңілдік түлектің академиялық жетістіктері негізінде беріледі:

  • 30% – «Алматы Менеджмент Университеті» ББМ үздік диплом иегерлеріне;
  • 15% – «Алматы Менеджмент Университеті» ББМ түлектеріне.

 

 КОМПАНИЯЛАР МЕН ҚОРЛАР
 
 
 
Конрад Аденауэр атындағы қор
  • Конрад Аденауэр атындағы қор –жергілікті  Sur-Place стипендиясына конкурс өткізеді (5 ай мерзімге жарамды).
  • Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқып, конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қордың  степендиаты бола алады.
 
Толық ақпаратты төмендегі веб-сайттан алуға болады  http://www.kas.de/kasachstan/ru
 
 
Қаржы орталығынан студенттік кредиттер
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ  ведомствалық ұйымы білім беру кредиттеріне кепілдеме береді, жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқитын  талапкерлері/студенттері  екінші деңгейлі банктерден кредит алуларына мүмкіндіктері бар.
Білім беруге кредит бөлу бағдарламасының қатысушылары «Қазақстанның Халық банкі» АҚ, «Ресей Сбербанк» АҚ еншілес банкі және  "Fortebank" АҚ.
Қазақстанның оқу орындарында білім алу үшін студенттік кредиттер береді.
  • кепілсіз;
  • «Қаржы орталығы» АҚ  кепілдеме беру арқылы;
  • кредит беру мерзімі 12 жыл;
  • оқу орнын аяқтаған соң 6 айдан кейін кредитті жабуға болады;
  • кредит студенттің атына рәсімделеді;
  • кредит көлемі шектеулі емес;
  • кредитті рәсімдеу кезінде  қолдау көрсетіледі.
Толық ақпаратты төмендегі веб-сайттан алуға болады  http://www.fincenter.kz
 
Назар аударыңыз! Мемлекеттік, ішкі және сыртқы гранттар мен жеңілдіктерді беруде өзгерістер болуы мүмкін. Толық ақпаратты университеттің қабылдау комиссиясынан анықтап білуге болады.
.