8 727 313 30 90
8 727 313 30 93

 

 «Есеп және аудит» мамандығы

Академиялық дәреже: Экономика және бизнес бакалавры
Білім беру бағдарламасының шифры: "6В04106-Есеп және аудит"
Таңдау пәндері:
мектептен кейін: математика + география
колледжден кейін: қаржы және несие + ұйым экономикасы
Оқу түрі және оқу ұзақтығы:
күндізгі (мектептен кейін) – 4 жыл
ТжКБ негізінде (колледжден кейін) күндізгі – 3 жыл

Мамандықтың сипаттамасы. "Алматы Менеджмент Университеті" УО  "Есеп және аудит" мамандығының білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындауды ҚР БҒМ БҒСБК берген KZ03LAA00008295 жаңартылған лицензиясы негізінде жүзеге асырады. «Алматы Менеджмент Университеті» ББМ «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайды. Түлек- бұл есеп жүргізу саясатын қалыптастыратын есеп бойынша менеджер, ол бухгалтерлік есеп пен аудитті ұйымдастырады, қаржы ағынына экономикалық талдау жүргізеді, мейлінше жоғары табыс табу үшін оңтайлы басқарушылық шешімдерді негіздеп, болашақта кәсіпорынның тиімді даму жолдарын анықтайды әрі құқық негіздерін еркін басшылыққа алады.

Оқудың артықшылықтары. «Есеп және аудит» мамандығының оқу жоспарына кіретін бағыттар:
1) үздік шетелдік ЖОО бағдарламаларымен біріктірілген мамандық бойынша кәсіби пәндер;
2) кәсіпкерлік пәндер;
3) ағылшын тілін тереңдетіп оқыту;
4) жеке тұлға құзыретін дамытатын пәндер.
 
Негізгі пәндер: Жүктеу
Мұғалімдер туралы білу үшін: сілтемеге бас
 
 
Бағдарламаның кәсіби сертификатталуы. «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы АССА (The Association of Chartered Certified Accountants) аккредитациясын алған. Білім беру бағдарламасын аккредитациялау дегеніміз AlmaU түлектері ЖОО-да осы бағдарламада оқу арқылы білім алып, дағдыларын дамытқандықтан АССА-ға тіркелгенде емтихандардан босатылады.
АССА емтихандарынан мүмкіндігінше көп жеңілдік алып, студенттер ұтымды жағдайда болады, себебі бағдарламаға ірі жаһандық қаржылық біліктілік пәндері кіреді, ал бұл оларға қысқа мерзім ішінде халықаралық дәрежеге ие болуға мүмкіндік береді.
 
Екі диплом бағдарламасы, алмасу модульдері, қысқа мерзімді курстар - серіктес жоғары оқу орындарының жазғы/қысқы мектептері: Тейлорс университеті (Малайзия), International Baltic Academy (Рига, Латвия), Solbridge International School of Business (Оңтүстік Корея), The HongKong Polytechnic University (Қытай), University of Dabrowa Gornicza (Польша), CorvinusUniversityofBudapest (Венгрия)
 
Түлектерді жұмысқа орналастыру.
Түлектерді жұмысқа орналастыру. Кәсіби практиканы ұйымдастыру және өткізу мақсатында мансапты жоспарлау және түлектермен жұмыс орталығы сыртқы стэйкхолдерлермен, серіктестермен жұмыс жасайды. Жыл сайын жетекші компаниялардың қатысуымен Бос орындар жәрмеңкелері өткізіледі, олардың нәтижелері тәжірибеден өтуге келісім-шарттар жасау болып табылады. Кафедра мынадай компаниялармен ынтымақтасады: "Қазақтелеком "АҚ," Kaspi Bank " АҚ»; "Кәсіби бухгалтерлер Палатасы" кәсіби ұйымы, Еуразиялық сертификатталған бухгалтерлер институты, "KEGOC" АҚ өкілдігі, "Эйр Астана" АҚ және басқалар.
 
«Есеп және аудит» мамандығының бакалавр түлектері ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 2012 жылдың 21 мамырында бекіткен №201 бұйрығымен бекітілген «Басшылар, мамандар және басқа да қызметкерлердің біліктілік кестесіне» сәйкес төмендегідей лауазымдарда жұмыс істей алады:
  • Бухгалтер
  • Аудитор (ревизор)
  • Бухгалтер-ревизор
  • Бас бухгалтер
. page_specialty_b