8 727 313 30 90
8 727 313 30 93

«7M04201-Құқықтану» білім беру бағдарламасы
 
Оқыту тілі: орыс
Оқу мерзімі:
Ғылыми-педагогикалық - 2 жыл
Оқыту түрі: күндізгі
 
Кіру пререквизиттері:
Қаржылық құқық - 3 кредит
Кәсіпкерлік құқық- 3 кредит

Бейіндік пәндер:
1-пән: Мемлекет және құқық теориясы;
2-пән: Кейс.
 
«Құқықтану» ББ бағдарламаның көшбасшысы - Мынбаева Нұргүл Балтаевна, з.ғ. к., доцент
 
Білім беру бағдарламасының мақсаты: жаңа сын-тегеуріндерге ашық, әлеуметтік жауапкершілігі, креативтілігі мен стратегиялық ойлауы бар, Заңтану саласында құзыреттерді меңгерген және бизнес саласында кәсіби және басқарушылық, құқықтық қызметті жүзеге асыруға қабілетті өзгерістер көшбасшыларының жаңа буынын дайындау.
 
Құқықтану жұмыс берушілер арасында құқық қолдану дағдыларын қалыптастыратын және бизнесті құқықтық қамтамасыз ету саласында AlmaU - да сұранысқа ие мамандықтардың бірі болып табылады. Біз бизнес саласында заңгерлерді дайындаймыз, біздің түлектеріміз жұмыспен қамту нарығында еркін бәсекелеседі, Қазақстанның әр түрлі салаларында және шетелде табысты жұмыс істейді.
 
Бітірушілердің бітіргеннен кейінгі қызмет саласы: заң ғылымдарының магистрінің, құқық магистрінің кәсіби қызмет саласы мемлекеттік институттар жұмысы процесінде туындайтын құқықтық қатынастар, сондай-ақ мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастар болып табылады. Түлектер еңбек нарығында сұранысқа ие, атап айтқанда: консалтинг, құқық қолдану, нормашығармашылық, аналитика; адвокатура және Нотариат; корпоративтік салада және дербес практикамен айналысу.
 
Маманға қандай қасиеттер тән:
Түлектер:
Коммерциялық құқық саласындағы білім жиынтығын терең және кешенді түсінуі, соның ішінде: әртүрлі салалардағы коммерциялық құқықтың құқықтық және нормативтік архитектурасы, коммерциялық құқық субъектілері арасындағы қатынастарды реттейтін негізгі құқықтық мәселелер, коммерциялық құқықтың практикасы мен қолданылуында туындайтын проблемалар жайлы білім алады
Коммерциялық құқық саласындағы күрделі ақпаратты, тұжырымдамалар мен теорияларды талдау, сыни тұрғыдан түсіну және синтездеу
Мұндай ақпаратты, тұжырымдамалар мен теорияларды тиісті білім мен практика жиынтығына зерттеу және қолдану; сондай-ақ
Өз білімін, дағдылары мен идеяларын түсіндіру және жеткізу

Бітіруші мектеп-саясат және құқық мектебі (СҚМ)
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы оқу жоспарының пәндері
  • Басқару психологиясы;
  • Инновациялық педагогикалық технологиялар;
  • Көпшілік алдында сөз сөйлеу технологиялары;
  • Болжамдық талдау және деректерді модельдеу;
  • Конфликтология;
  • Жобаларды басқару практикасы;
  • Құқықтық талдау әдіснамасы;
  • Ғылыми зерттеулер әдіснамасы;
  • Азаматтық құқықтың өзекті мәселелері;
  • Корпоративтік құқық және корпоративтік басқару;
  • Ақпаратты құқықтық реттеу;
  • Кәсіпкерлікті қылмыстық-құқықтық қорғау;
  • Мемлекет және құқық теориясының өзекті мәселелері;
  • Жұмыспен қамтуды және еңбек көші-қонын құқықтық реттеу;
  • Конституциялық құқықтың өзекті мәселелері;
  • Азаматтық процестің өзекті мәселелері;
  • Дауларды баламалы шешу;
  • Халықаралық жеке құқық;
  • Ағылшын келісімшарт құқығы;
  • Қазіргі кезеңдегі сақтандыру құқығының мәселелері;
  • Салық құқығын қолдану теориясы мен практикасы;
  • Шарттық құқықтың өзекті мәселелері;
  • Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
 
Шетелдік серіктес жоғары оқу орындары:
  • Қазан Федералды Университеті;
  • Baltic School of Management
.