8 727 313 30 90
8 727 313 30 93

 

Магистратура білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі 

 

Даярлау бағытының коды және атауы

Білім беру  бағдарламалары   тобының атауы

«Алматы Менеджмент Университет» 

 ББМ білім беру бағдарламаларының   атауы

7M041 Бизнес және   басқару

 M072 Менеджмент және   басқару

7M04101 – Менеджмент (ҒПМ)

7M04110 - Менеджмент (БМ)

7M04102 - Жобаларды басқару (ҒПМ)

7M04112 - Жобаларды басқару (БМ)

 M074 Қаржы, банктік және   сақтандыру ісі

7M04106 - Қаржы (ҒПМ)

7M04116 - Қаржы (БМ)

 M075 Маркетинг және   жарнама

7M04105 - Маркетинг (ҒПМ)

7M04114 - Маркетинг (БМ)

7M042 Құқық

 M078 Құқық

7M04201 - Құқықтану (ҒПМ)

Магистратура міндетті түрде кем дегенде 60-120 академиялық кредиттерді меңгерумен «магистр» дәрежесін бере отырып кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейі. 

Магистратурадағы оқуды аяқтағаннан кейін түлекке магистр дәрежесі тағайындалады, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы диплом беріледі. 

Магистратурада кадрлар даярлау жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының базасында жүзеге асырылады.

 

Магистратурадағы кадрларды даярлау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
Бейінді бағыт бойынша магистратура (оқу мерзімі 1 жыл) экономика, медицина, құқық, білім, өнер, қызмет көрсету және бизнес, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік салалары, құқық қорғау қызметі үшін тереңдетілген кәсіптік даярлығы бар басқарушы кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады.
Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура (оқу мерзімі 2 жыл) жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар үшін тереңдетілген ғылыми-педагогикалық және зерттеу даярлығы бар ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады. 
 
«Кіруде» магистратураның білім беру бағдарламасының бейіні жоғары білім беру бағдарламасымен сәйкес келген жағдайда, алдыңғы деңгейдегі оқыту нәтижелері автоматты түрде танылады; магистратураның білім беру бағдарламасы бейіні жоғары білім беру бағдарламасымен сәйкес келмеген жағдайда, игеру үшін пререквизиттер белгіленеді.

Магистратурада оқу түрлері: AlmaU магистратурада ақылы негізде және мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен оқуды ұсынады

Магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны мыналардан тұрады:
  • базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін зерделеуді қамтитын теориялық оқу;
  • магистранттарды практикалық даярлау: практикалардың, ғылыми және кәсіби тағылымдамалардың түрлері;
  • ғылыми-педагогикалық магистратура үшін – магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысы немесе бейінді магистратура үшін – магистрлік жобаны орындауды қамтитын эксперименттік-зерттеу жұмысы
  • қорытынды аттестаттау.
.