8 727 313 30 90
8 727 313 30 93

«Юриспруденция» мамандығы
Академиялық дәреже:  Құқық бакалавры
Оқу түрі және оқу ұзақтығы:

қашықтан оқыту (колледжден кейін) – 3 жыл

Мамандықтың сипаттамасы. «Алматы Менеджмент Университеті» ББМ 5B030100 «Юриспруденция» білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындауды жүзеге асырады. Юриспруденция жұмыс берушілер арасында сұранысқа ие мамандықтардың бірі, әрі AlmaU нақты бизнес саласына құқықтық қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыруға барынша мән береді. Біз бизнес саласына заңгерлер дайындаймыз, біздің түлектер жұмыспен қамту нарығында еркін бәсекелесе алады, олар Қазақстанда әрі шетелде түрлі салаларда табысты еңбек етіп келеді.

Бейінді пәндер және оқытушылар

Пәннің атауы

Оқытушының тегі, аты, әкесінің аты

Мемлекет пен құқық теориясы

Ли Е.Г. - педагогикалық еңбек тәжірибесі 45 жылдан асады

Амангалиева Г.Б. - LLM халықаралық құқық магистрі, ҚР БҒМ білім беру саласының құрметті қызметкері

ҚР Конституциялық құқығы

Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы

Рим құқығы

Маметова Р.А. - «IPChoice» ЖШС басқарушы серіктесі, React Anti- counterfeiting network Бүкіл әлемдік ұйымның серіктесі , з.ғ.к., доцент

ҚР азаматтық құқығы (жалпы бөлімі )

Отбасы және бала құқығы

Зияткерлік меншік құқығы

ҚР азаматтық құқығы (ерекше бөлімі)

Жайлин Г.А. – Қазақстан Халықаралық арбитраж Арбитрі, «IUS» Халықаралық арбитраж Арбитрі, з.ғ.к., доцент

Корпоративтік және бизнес құқық

Тлеужанова А.И. – «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, 
АҰП Қазақстан Арбитрлік Орталығының және Төрелік соттың Арбитрі, Independent Arbitration Court, з.ғ.к. , доцент

Еңбек құқығы

ҚР Әкімшілік құқығы

Мынбаева Н.Б. – қаржылық-банкілік заңнамалық ғылыми-зерттеу орталығының КҒҚ, қаржы секторында практик, з.ғ.к., доцент

ҚР қаржылық құқығы

Сақтандыру құқығы

ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлімі)

Вербовая О.В. – РҚ ІІМ полковнигі, з.ғ.д. , профессор

Абдрашев Р.М. – жедел тергеу қызметкері, з.ғ.д, доцент

Магзамов Д.А. – ҚР ІІМ полковнигі, жедел тергеу қызметкері

ҚР қылмыстық құқығы (ерекше бөлімі)

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар


ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы


ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы

Махаметалев М.Б. – «Зангер 87» Адвокаттар кеңсесінің Директоры, Республикалық Қорғаушылар Одағының мүшесі

 


Сотқа дейінгі және соттан тыс дауларды шешу

Сот риторикасы

Халықаралық жеке құқық

 

Ордабаева А.Б. – халықаралық құқық магистрі, педагогикалық еңбек өтілі 14 жылдан асады

Халықаралық сауда және қаржы құқығы

 

Кедендік құқық

 

«Юриспруденция» мамандығының артықшылықтары:
  1. Бизнеске құқықтық қолдау көрсетудің екі бағыты бойынша мамандананады: кәсіпкерлік құқығы және қаржылық құқық.

  2. Біздің студенттеріміз пәндерді қосарлы оқыту жүйесі бойынша практика түрінде өтеді.

  3. Түлектеріміз еңбек нарығында сұранысқа ие.

  4. Біз бизнес саласына заңгерлер дайындаймыз.

«Юриспруденция» мамандығы бойынша бакалавр мамандар: 
  1. құқық теориясын, ұлттық және халықаралық заңнамаларды біледі;

  2. заңнамаларды, құжаттарды және басқа да ақпараттарды талдайды, заң түрінде дұрыс шешімдер қабылдайды;

  3. құқықтық құжаттар жаза алады, келіссөздер жүргізе алады, командада жұмыс істейді, адамдардың мүдделерін қорғай алады, және басқарушылық шешімдер қабылдай алады.

  4. кәсіптік қызметінде нормативті құқықтық актілерді қолдана алады, материалдық және процессуалдық құқық нормаларын жүзеге асырады;

  5. кәсіби қызметінде басқарушылық инновацияларды қолдану, талдау, жүзеге асыру дағдыларын меңгереді;

  6. риториканы еркін меңгерген, көпшілік алдында сөйлеу тәсілдері мен әдістерін білетін, тіл мәдениеті дағдысын қалыптастырған.

Мамандықтың ерекшеліктері:
  1. Бакалавриаттың білім беру бағдарламасын дамыту жоспары еңбек нарығына және жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне талдау жасау негізінде дайындалған, сұраныстың көрсеткіші ретінде тек заң саласы бойынша терең білімі бар, шет тілдерін білетін білікті маман дайындау ғана емес, сонымен қатар басқарушылық әрі кәсіпкерліктің негізгі дағдыларына ие маман шығаруды көздейді;

  2. үш тілде оқу мүмкіндігі: ағылшын, қазақ, орыс;

  3. модульдік оқу жолдарын қолдану, соның салдарынан жеделдетіп оқыту және жеделдетіп диплом алу, жетекші шетелдік және отандық мамандарды жұмысқа тарту мүмкіндігі;

  4. оқу бағытын және оқытушыны таңдау еркіндігі;

  5. алыс және жақын шет елдерге академиялық ұтқырлық бағдарламалары, 120 –дан астам серіктес ЖОО;

  6. «Юриспруденция» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасында «Бизнесті құқықтық қолдау» мамандығына үйрету ;

  7. «Кәсіпкерлік құқық», «Қаржылық құқық» мамандануымен Foundation бағдарламасы;

  8. практиктерді, корпоративті заңгерлерді, адвокаттарды оқу процесіне тарту арқылы білім беру бағдарламаларының бағытын тәжірибе алуға бұрып, теория мен практиканы тығыз байланыста беруге тырысу;

  1. практикалық дағдыларын пысықтау маұсатында AlmaU-дың серіктес компаниялары базасында қосарлы білім беру;

  2. әлеуметтік және құқықтық жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру үшін заң клиникасында құқықты қолдану практикасын өткізу;

  3. құқық, экономика, кәсіпкерлікті тоғыстыру арқылы халықаралық компоненттерді ендіруді ескере отырып, пәнаралық курстар ұйымдастыру.

Біздің ЖОО-да осы мамандықта оқудың қосымша артықшылықтары - сертификаттар, жаңа оқу технологиялары, машықтану, серіктестер:
  1. ҚазБАР (Коммерциялық заңгерлердің Қазақстандық қауымдастығы),

  2. Қалалық адвокаттар алқасы , Алматы,

  3. Қазақстандық Халықаралық Арбитраж,

  4. «Қазақстандық заңгерлер одағы» РҚБ АҚФ,

  5. ҚР кәсіпкерлердің Ұлттық Палатасы,

  6. РФ Бүкілресейлік сыртқы сауда Академиясы,  

  7. Казан Приволжия университеті РФ,

  8. Орталық Азиядағы Америка Университеті,

  9. Құқықтық саясатты зерттеу Орталығы (LPRC),

  10. ҚР Әділет Министрлігі заңнама Институты.

Білім беру процесінде қолданылатын оқу технологиялары:
  1. Практикалық дағдыларын қалыптастыру әрі пысықтау үшін жағдаяттық кейстерді шешу;
  2. сот мәжілісі оқу залында құқықтық қолдаудың өзекті мәселелеріне қатысты ойын процестерін өткізу;
  3. интербелсенді әдістерді қолдану: «ой талқы», «дельфи», рөлдік ойындар, жоба дайындау, тренингтер, «келісімдер»;
  4. келісім-шарттардың, процессуалды құжаттардың алуан түрлерін құрастыру.
.