8 727 313 30 90
8 727 313 30 93

 «Қаржы» мамандығы

Академиялық дәреже : Экономика және бизнес бакалавры
Оқу түрі және оқу ұзақтығы:

қашықтан оқыту (колледжден кейін) – 3 жыл

Мамандықтың сипаттамасы. «Алматы Менеджмент Университеті» ББМ 5В050900 – «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындауды ҚР БҒМ 2014 жылғы 11 маусымда берілген № 14008551 мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырады, жарамдылығы-шектеусіз, білім беру бағдарламасы бойынша берілетін академиялық дәрежесі – экономика және бизнес бакалавры. 5В050900 - «Қаржы» мамандығының оқу процесі, оқу бағдарламасы кредиттік технология жүйесінде ұйымдастырылады. Алматы Менеджмент Университетінде 5В050900 – «Қаржы» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы төмендегідей жабдықталған:
  1. заманауи оқу және ғылыми-зерттеу зертханалары;
  2. заманауи оқу құралдары, оқулықтар және электронды ресурстар;
  3. Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйесінде танымал жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам және шетелдік жоо оқытушылары, сонымен қатар практиктер – қаржылық институттардың қызметкерлері мен басшылары.

 

Бейінді пәндер және оқытушылар

Пән атауы

Оқытушының тегі, аты, әкесінің аты

Қаржыға кіріспе

э.ғ.д., профессор Исахова П.Б.

э.ғ.к, доцент Садыкова Р.Б.

э.ғ.к, доцент Серикбаева Ж.Д.

э.ғ.к, доцент Макенова А.А.

Корпоративті қаржы

э.ғ.к, доцент Чивазова А.З.

магистр, аға оқытушыст Мукушев А.Б.

Қаржылық менеджмент

PhD, доцент Каршалова А.Д.

магистр, аға оқытушы Мукушев А.Б.

э.ғ.к, доцент Чивазова А.З.

Тәуекелдерді басқару

магистр, аға оқытушы Арын Ә.А.

Компания активтерін басқару

PhD, доцент Кошкина О.В.

Компаниядағы қаржылық мониторинг

PhD, доцент Кошкина О.В.

э.ғ.к, доцент Макенова А.А.

Бағалы қағаздар портфелін басқару

PhD, доцент Кошкина О.В.

Қаржылық есеп негіздері

э.ғ.к, доцент Мадыханова К.А.

магистр, аға оқытушы Мукушев А.Б.

Қаржылық есеп және талдау

э.ғ.к, доцент Чивазова А.З.

магистр, аға оқытушы Оразалина Р.К.

Қаржылық нарықтар және делдалдар

PhD, доцент Кошкина О.В.

Қор нарығы және биржа ісі

э.ғ.к, доцент Мадыханова К.А.

э.ғ.к, доцент Садыкова Р.Б.

Банк ісі

э.ғ.к, доцент Серикбаева Ж.Д.

э.ғ.к, доцент Бирмагамбетов Т.Б.

Сақтандыру ісі

магистр, аға оқытушы Арын Ә.А.

Салықтар жәнесалық салу

магистр, аға оқытушы Кененова К.А.

э.ғ.к, доцент Макенова А.А.

Валюталық операциялар және валюталық реттеу

э.ғ.к, доцент Абдрахманова Г.А.

Актуарлық математиканың элементтері

т.ғ.к., доцент Рамазанов Е.Т.

Қаржыдағы ақпараттық жүйелер

т.ғ.к., доцент Рамазанов Е.Т.

Қаржылық инновациялар

э.ғ.к,., доцент Серикбаева Ж.Д.

Ислам қаржысы

э.ғ.к, доцент Абдрахманова Г.А.

э.ғ.к, доцент Макенова А.А.

Инвестицияларды қаржыландыру және кредиттеу

э.ғ.к., доцент Мадыханова К.А.

магистр, аға оқытушыАрын Ә.А.

Акционерлік капиталға инвестиция құю

PhD, доцент Кошкина О.В.

Бизнесті бағалаудың қаржылық әдістемесі

ф-м,ғ.к, аға оқытушы Мукушев Б.Т.

э.ғ.к., доцент Чивазова А.З.

э.ғ.к доцент Макенова А.А.

Жобаларды қаржылық модельдеу ( Excel-де)

магистр, аға оқытушы Арын Ә.А.

Мемлекеттік жеке меншік серіктестік жобаларын қаржыландыру

магистр, аға оқытушы Арын Ә.А.

Компанияны қаржылық сауықтыру

э.ғ.к, доцент Макишева Ж.А.

Компанияның бірігуі, қайта құрылымдалуы және банкротқа ұшырауы

э.ғ.к, доцент Серикбаева Ж.Д.

аға оқытушы Исмаилов Б.Т.

Оқытудың артықшылықтаы. Университеттегі 5В050900 - «Қаржы» мамандығының білім беру бағдарламасы студенттерді дайындауда екі бағытта жүзеге асырылады:

Қаржылық аналитик.
Қаржылық менеджер.
«Қаржы» мамандығының оқу жоспарына:
  1. үздік шетелдік ЖОО бағдарламаларымен біріктірілген мамандық бойынша кәсіби пәндер;

  2. кәсіпкерлік пәндер;

  3. ағылшын тілін тереңдетіп оқыту;

  4. жеке тұлға құзыретін дамытатын пәндер.

Қалыптасқан дағдылардың жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келуі. Оқу жоспары және пәндердің мазмұны үнемі практиктер тарапынан сараптамадан өтеді, сондықтан жұмыс берушілердің барлық талаптарын ескеруге мүмкіндік бар.
Оқытудың заманауи технологиялары. Студенттер Excel, Access, 1-C Бухгалтерия бағдарламаларында жұмыс істеуден практикалық дағдылар алады және т.б.
Қаржы саласында кәсіби сертификаттау. «Қаржы» мамандығының білім беру бағдарламасына емтихан тапсырып, CFA сертификатын алуға мүмкіндік беретін пәндер енгізілген.
5В050900 - «Қаржы» мамандығының бакалавр түлектері ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 2012 жылдың 21 мамырында бекіткен №201 бұйрығымен бекітілген «Басшылар, мамандар және басқа да қызметкерлердің біліктілік кестесіне» сәйкес төмендегідей лауазымдарда жұмыс істей алады:
  1. Бағалы қағаздар бойынша аналитик

  2. Инвестициялар бойынша аналитик (қаржылық аналитик)

  3. Сақтандыру саласындағы аналитик (андеррайтер)

  4. Биржалық маклер

  5. Брокер

  6. Сақтандыру агенті

  7. Валюталық операциялар бойынша дилер, бағалы қағаздар бойынша дилер, қор биржасының дилері

  8. Салық және салық жинау бойынша консультант

  9. Қаржы жұмысы бойынша экономист (қаржы бойынша маман)

  10. Қаржы бөлімінің басшысы (қаржы директоры)

  11. Экономикалық жоспарлау бөлімінің басшысы.

5В050900 – «Қаржы» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалаврлары кәсіби, аналитикалық, консультативтік қызмет түрлерін жүзеге асырады:
  • барлық қызмет салалары мен меншік нысандары кәсіпорындарында;

  • мемлекеттік органдарда;

  • қаржылық, кредиттік, сақтандыру ұйымдарында;

  • ипотекалық, лизингтік, және ипотекалық компанияларда;

  • ғылыми-зерттеу ұйымдарында

  • білім беру мекемелерінде.

Алматы Менеджмент Университетінің 5В050900 «Қаржы» мамандығы бойынша оқып жатқан түлектердің қызметке тұру деңгейі жоғары. Түлектердің 80 пайыздан астамы бітіргеннен кейін алғашқы алты айдың ішінде жұмысқа тұрады.
2015-2016 оқу жылында бітірген түлектеріміз төмендегідей компанияларда жұмыс істейді:
  1. PricewaterhouseCoopers,
  2. Deloitte,
  3. Ernst & Young,
  4. «Crowe Horwath Nomad»,
  5. «КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ,
  6. «Kaspi Bank» АҚ,
  7. «Банк ЦентрКредит АҚ»,
  8. «ForteBank» АҚ,
  9. «Евразийский Банк» АҚ,
  10. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ,
  11. «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ,
  12. «Сбербанк» АҚ ЕБ,
  13. «BCC Invest» инвестициялық компаниясы,
  14. Freedom Finance және т.б.
.