8 727 313 30 90
8 727 313 30 93

 

«Маркетинг» мамандығы
 
Академиялық дәреже: Экономика және бизнес бакалавры
Білім беру бағдарламасының шифры: "6В04104-Маркетинг"
Бейіні бойынша пәндері: математика және география
Оқу түрі және оқу ұзақтығы:
күндізгі (мектептен кейін) – 3 жыл
ТжКБ негізінде (колледжден кейін) күндізгі – 3 жыл
сырттай қашықтан оқыту (колледжден кейін) – 2 жыл

Мамандықтың сипаттамасы. «Алматы Менеджмент Университеті» ББМ 5В051100 «Маркетинг» білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындауды ҚР БҒМ 11.06.2014 жылғы №14008551 мемлекеттік лицензиясы негізінде жүзеге асырады. 5В051100 «Маркетинг» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы кредиттік технология түрінде ұйымдастырылады.

Алматы Менеджмент Университетінде 5В051100 «Маркетинг» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы төмендегідей жабдықталған:

  • заманауи оқу және ғылыми-зерттеу зертханалары;

  • заманауи оқу құралдары, оқулықтар және электронды ресурстар;

  • Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйесінде танымал жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам және шетелдік жоо оқытушылары.

Негізгі пәндер: Жүктеу

Оқытудың артықшылықтары.
Университетте 5В051100 «Маркетинг» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының жүйесі студенттерді дайындауда екі бағытта жүзеге асырылады:
  • Digital marketing - бұл тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік желілерде жылжыту, мақсатты аудиториямен өзара іс-қимыл жасауға арналған заманауи құрал. Осы траекторияда оқып, студенттер әлеуметтік желілерде алға жылжу дағдыларын меңгеру мүмкіндігіне ие болады. 3 курста іздеу жарнамасы бойынша жалпы емтиханнан сәтті өткен жағдайда студенттер Google академиясының сертификатын алады.
  • Neuromarketing - бұл адам миының маркетинг пен жарнамаға қатынасын зерттейтін іс-шаралар жиынтығы. Зерттеу нәтижелері тұтынушының логикасын, оның мидағы процестерді өлшеу арқылы ынталандыруға реакциясын жақсы болжауға мүмкіндік береді. Осылайша, клиенттерге қызмет көрсету сапасы, сондай-ақ маркетингтің тиімділігі жақсарады. Осы траекторияда оқи отырып, студенттер сыртқы және ішкі қоздырғыштардың тұтынушының шешім қабылдау процесіне әсерін анықтай алады; нейромаркетингтік зерттеулер жүргізе алады; бәсекеге қабілетті өнімдерді жасау және құру үшін нейромаркетингтік гипотезаларды әзірлеу, түсіндіру және тестілеу.
Бакалавриат деңгейінде халықаралық алмасу бағдарламасы бойынша мынадай ЖОО-лармен келісімшарттар жасалған:
  1. IESEG School of Management ( IESEG Менеджмент Мектебі) - Франция
  2. Geneva School of Business (Женева Бизнес Мектебі) - Швейцария
  3. ESC Rennes Business School ( Ренн Бизнес Мектебі) - Франция
  4. Солбридж Халықаралық Бизнес Мектебі (Solbridge International Business School) –Оңтүстік Корея

5В051100 «Маркетинг» мамандығында оқыған университетіміздің түлектері мынадай компанияларда жұмыс істейді:

  • Air Astana
  • Bayer Kaz
  • Kcell
  • Danone
  • Nilson
  • ChocoFamily
  • Samsung
  • MARS
  • Phillip Morris Kazakhstan
  • JTI
  • Coca-Cola
  • BURGER KING KAZAKHSTAN
  • The Ritz-Carlton Almaty

 

. page_specialty_b