8 727 313 30 90
8 727 313 30 93

Білім беру бағдарламасы: 8D04104 - Қаржы

Академиялық дәреже: «8D04104- Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша философия PhD Докторы

Оқу түрі: күндізгі

Оқу мерзімі: 3 жылдан кем емес

Оқыту тілі: орыс тілі

Оқу акысы: оқу жылына 1 500 000 тенге

8D04104-Қаржы білім беру бағдарламасының миссиясы: қаржы  ғылымының кешенді міндеттерін шешуге қабілетті, қаржы саласындағы жоғары білікті, халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті, өзін-өзі үнемі жетілдіруге және әлеуметтік бейімделуге дайын жаңа басқарушы ғылыми-педагогикалық кадрлар буындары арқылы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саласы мен білім беру жүйесін дамытуға жәрдемдесу.
 
8D04104-Қаржы білім беру бағдарламасының мақсаты: білім беру қызметтерінің әлемдік нарығында ғылыми және педагогикалық кадрлардың білім, қаржы саласындағы мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету; ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес кадрлар даярлауды жетілдіру; ғылыми-зерттеу базасын күшейту.

Білім беру бағдарламаның құрылымы:
Компонеттер академиялық кредит бойынша академиялық сағат бойынша
 1. Міндетті пәндер 24 720
 1.1. Жоғары оқу орны компоненті 5 150
 1.2. Таңдау компоненті 5 150
 1.3. Педагогикалық практика 14 420
 2. Бейіндеуші пәндер 29 870
 2.1. Таңдау компоненті 15 450
 2.2. Зерттеу практикасы 14 420
 3. Тағылымдамадан өтуді және докторлық диссертацияны орындауды қамтитын докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы 115 3450
 4. Докторлық диссертацияны жазу және қорғау 12 360
 Барлығы 180 5400

 
PhD докторанту оқу жоспары 4 модульге бөлінгіен:
зерттеу модулі – 125 кредит
кәсіби модулі  – 15 кредит
өндірістік практика модулі – 28 кредит
қорытынды атестаттау модулі – 12 кредит
 
Білім беру бағдарламаның құрылымы: 
1. Зерттеулерді басқару
2. Экономикалық процестерді модельдеу және болжау
3. Қаржы саласындағы заманауи зерттеу әдістері
4. Мемлекеттік қаржыны жүйелі талдау
5. Мемлекеттің қаржы саясаты
6. Қаржы нарықтарының трансформациясы және қаржылық технологиялар
7. Компанияны қаржылық модельдеу және бюджеттеу
8. Business Intelligence қаржы технологиялары
9. Қаржылық жобалар мен қаржылық тәуекелдерді талдау
 
8D04104-Қаржы білім беру бағдарламасының оқытушылары:

 

Бирмагамбетов Талгат Балтабаевич

Экономика ғылымдарының кандидаты, Менеджмент мектебінің доценті. 20-дан астам ғылыми жарияланымдарының және 3 оқу құралының авторы. Бюджеттеу, Банк ісі, стратегиялық банктік менеджмент, инвестициялық жобаларды модельдеу, Сыртқы қарыз саласындағы сарапшы. Оқытатын курстары: қаржылық модельдеу және компанияны бюджеттеу

 

Джаксыбекова Галия Наримановна

Экономика ғылымдарының докторы, Менеджмент жоғары мектебінің профессоры. Білім берудің құрметті қызметкері. 2 оқу құралы мен 2 монографияның, 150-ден астам ғылыми жұмыстарының авторы. ҚР БҒМ 2010 жылғы "ЖОО үздік оқытушысы" мемлекеттік грантының иегері. ҚР БҒМ іргелі гранттық жобалардың жетекшісі (2013-2015 жж., 2018-2020 жж.). Бағалау қызметімен айналысуға бас лицензияның иегері. Компанияның қаржылық менеджментінің тиімділігін бағалау, компанияның құнын бағалау, инвестициялық және қаржылық қызмет салалардағы сарапшы. Оқытатын курстары: қаржыдағы заманауи зерттеу әдістері.

 

Исахова Парида Бакировна

Экономика ғылымдарының докторы, Менеджмент жоғары мектебінің профессоры. Білім берудің құрметті қызметкері. 4 оқу құралының және 150-ден астам ғылыми жұмыстарының авторы. Қаржы жүйесі, мемлекеттік қаржы, мемлекеттік бюджет және қазынашылық салалардағы сарапшы. Нархоз университетінің Қаржы мамандығы бойынша диссертациялық кеңестің мүшесі. Оқытатын курстары: мемлекеттік қаржыны жүйелі талдау, мемлекеттің қаржылық саясаты.

 

Кошкина Ольга Валентиновна

PhD Докторы, Менеджмент жоғары мектебінің доценті. 30 ғылыми жұмыстың, 1 монографияның, 2 оқу құралының авторы, зерттеу саласы: қаржы нарықтары, қаржы құралдары, корпоративтік және жеке қаржы. Оқытатын курстары: қаржы нарықтарының трансформациясы және қаржылық технологиялар.

 

Никифорова Нина Владимировна

Экономика ғылымдарының докторы, Менеджмент  жоғары мектебінің профессоры. 130-дан астам ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы, оның ішінде 5 монография мен 4 оқулық пен оқу құралдары. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік білім беруді дамыту тұжырымдамасын әзірлеуші. Экономика ғылымдарының 30 докторлар мен кандидаттардың, DBA және МВА ғылыми жетекшісі болды. Туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы персоналға арналған кәсіптік стандарттарды, үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуші, ҚР БҒМ-нен "Ы.Алтынсарин" атағының иегері. Консалтингтік жобалар саласындағы 15 жылдан астам тәжірибесі бар оқытушы. Оқытатын пәндері: зерттеулерді басқару, ұйымның өзгерістерін басқару.

 

Серикбаева Жанна Даулеткельдиевна

Экономика ғылымдарының кандидаты, Менеджмент жоғары мектебінің доценті. 20 - дан астам ғылыми жарияланымның авторы. "Болашақ" грантының иегері. Банк және қаржы менеджменті, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласындағы сарапшы. Оқытатын курстары: қаржылық жобалар мен қаржылық тәуекелдерді талдау

 

          

Тютюнникова Марина Владимировна

Экономика ғылымдарының кандидаты, Менеджмент жоғары мектебінің доценті 20-дан астам ғылыми жарияланымның, 2 оқулық пен 1 оқу құралының авторы. Экономика саласындағы білім беру бағдарламаның бакалавриат мен магистратура бағыттарының програм-лидері. Ғылыми зерттеу саласы: Экономикалық талдау, Қаржылық талдау, тәуекелдерді басқару, инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау, статистика, эконометрика, сандық талдау әдістері. Оқытатын курстар: экономикалық процестерді модельдеу және болжау.

.