8 727 313 30 90
8 727 313 30 93

 

PhD докторантурасының білім беру бағдарламаларында оқыту мемлекеттік гранттар бойынша және ақылы негізде жүзеге асырылады. PhD докторантураға тұлғаларды қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
 
Шетел азаматтарын ақылы негізде қабылдау Қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесудің нәтижесі бойынша күнтізбелік жыл бойы жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбесіне сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына 5 (бес) күнге дейін жүргізіледі.
 
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамамен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына сәйкес танылады немесе нострификацияланады.
 
PhD докторантураға түсуші тұлғаларға қойылатын талаптар: "Магистр" академиялық дәрежесінің және кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілінің болуы.
 
Оқу құны: 1 оқу жылына 1 500 000 теңге 
 
Құжаттарды қабылдау: күнтізбелік жылдың
1. 3 шілдесінен 3 тамызына дейін 
2. 5-18 қараша айының аралығында
 
Қабылдау емтихандары: күнтізбелік жылдың
1. 4 тамызынан 20 тамызына дейін 
2. 19 қарашадан 11 желтоқсанға дейін
 

Қабылдау: 

1. жазғы қабылдау бойынша - 28 тамызына дейін
2. қысқы қабылдау бойынша - 10 қаңтарға дейін
 
 
Докторантураға түсетін адамдар қабылдау комиссиясына және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы мынадай құжаттарды береді:
1)  ЖЖОКБҰ басшысының атына өтініш;
2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);
3)  жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4)  шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат

ағылшын тілі: IELTS - кемінде 5,5, TOEFL IBT - кемінде 46, TOEFL PBT - кемінде 453,

неміс тілі: DSH - В2, Test DaF - Prufung В2;
француз тілі: TFI - оқу және тыңдау секциялары бойынша В2, DELF - B2, DALF - В2, TCF - кемінде 50.
5)  086-У нысанындағы электрондық форматта медициналық анықтама;
6)  3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
7) жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат;
8) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар).
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
 
Апелляция
Мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдерде шетелдік ЖЖОКБҰ-ны аяқтаған және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілген шетелдік аккредиттеу органдарының мамандандырылған аккредитациясы бар тұлғалар 5 жыл ішінде осы тармақта көрсетілген шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынбайды.
Докторантураға түсуші тұлғалардан апелляцияға өтініш апелляциялық комиссия төрағасының атына жеке беріледі.
Өтініштер түсу емтихандары нәтижелері жарияланғаннан кейінгі келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, апелляциялық комиссия өтініш берілген күннен бастап бір күн ішінде қарайды.
Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.
 
Докторантураға тұлғаларды қабылдау шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатының негізінде және білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша мүмкін болған 100 балдан кемінде 75 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады. 
 
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша докторантурада білім алу үшін түсу емтиханынан кемінде 75 балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.

GRE стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын докторантураға түсу емтиханы балдарына ауыстыру шкаласы
GRE халықаралық стандартталған тест Түсу емтихандары
 Тест секциялары  "Бизнес және  басқару"   кадрларды   даярлау   бағыттарына   арналған балдар Емтихан Балл
 Quantitative Reasoning  кемінде 164 балл  Білім беру бағдарламалары   топтарының   бейіні бойынша түсу   емтиханы 100
 Verbal Reasoning  145 балдан кем емес  Жалпыеуропалық құзыреттеріне   (стандарттарына) сәйкес шет тілін   меңгергенін растайтын   халықаралық   сертификат 100
 Analytical Writing  2 балдан кем емес

 

 
.