Компонеттер | академиялық кредит бойынша | академиялық сағат бойынша |
1.Міндетті пәндер | 24 | 720 |
1.1. Жоғары оқу орны компоненті | 5 | 150 |
1.2. Таңдау компоненті | 5 | 150 |
1.3. Педагогикалық практика | 14 | 420 |
2. Бейіндеуші пәндер | 29 | 870 |
2.1. Таңдау компоненті | 15 | 450 |
2.2. Зерттеу практикасы | 14 | 420 |
3. Тағылымдамадан өтуді және докторлық диссертацияны орындауды қамтитын докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы | 115 | 3450 |
4. Докторлық диссертацияны жазу және қорғау | 12 | 360 |
Барлығы | 180 | 5400 |
8D04103-Маркетинг білім беру бағдарламасының оқытушылары:
![]() |
Казыбаева Айман Мелисовна Маркетинг мамандығы бойынша PhD, Менеджмент жоғары мектебінің доценті. Шетелдік және отандық ғылыми басылымдарда 20 - дан астам ғылыми мақалалардың авторы. European business of Economics (Рим, Италия), Bohemia University (Прага, Чехия) қалаларында оқыған. Зерттеу саласы: маркетингтік зерттеулер, нейромаркетинг, тұтынушылардың мінез-құлқы. Оқытатын пәндері: экономикадағы маркетингтік зерттеу әдістері, маркетинг метрикасы |
![]() |
Никифорова Нина Владимировна Экономика ғылымдарының докторы, Менеджмент жоғары мектебінің профессоры. 130-дан астам ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы, оның ішінде 5 монография мен 4 оқулық пен оқу құралдары. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік білім беруді дамыту тұжырымдамасын әзірлеуші. Экономика ғылымдарының 30 докторлар мен кандидаттардың, DBA және МВА ғылыми жетекшісі болды. Туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы персоналға арналған кәсіптік стандарттарды, үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуші, ҚР БҒМ-нен "Ы.Алтынсарин" атағының иегері. Консалтингтік жобалар саласындағы 15 жылдан астам тәжірибесі бар оқытушы. Оқытатын пәндері: зерттеулерді басқару, ұйымның өзгерістерін басқару.
|
![]() |
Рахимбекова Жанар Сапаровна Экономика ғылымдарының кандидаты, Менеджмент жоғары мектебінің доценті. 74 ғылыми мақаланың, 1 монографияның және 1 оқу құралының авторы. "Жаһандық маңызы бар халықаралық жобаларды өткізу қарсаңында қонақ үй-мейрамхана қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру: тұжырымдамалық негіздері мен іске асыру тетігі" (2013-2015 жж.) атты гранттық жобаға қатысты. ("ЭКСПО 2017" көрмесі және XXVII қысқы Дүниежүзілік Универсиада 2017) Форумдар мен конференцияларға белсенді қатысады. Маркетинг бойынша кәсіби стандарттарды әзірлеуші. Туризм және қонақжайлылық бойынша персоналды сертификаттау орталығының сарапшы-аудиторы. Зерттеу саласы: қонақ үй бизнесін басқару, мейрамхана маркетингі, қызмет көрсету менеджменті. Оқытатын курстар: интеграцияланған брэндинг. |
![]() |
Смыкова Мадина Раисовна Экономика ғылымдарының кандидаты, Менеджмент жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры. 50-ден астам ғылыми мақаланың, оның 40-ы маркетинг, 6 оқу құралы және 3 монографияның авторы. 2014 жылдың үздік оқытушысы. "Жаһандық маңызы бар халықаралық жобаларды өткізу қарсаңында қонақ үй-мейрамхана қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру: тұжырымдамалық негіздері мен іске асыру тетігі" (2013-2015 жж.) атты гранттық жобаға қатысты. ("ЭКСПО 2017" көрмесі және XXVII қысқы Дүниежүзілік Универсиада 2017) ҚР БҒМ Білім беру ісінің құрметті қызметкері " төсбелгісінің иегері, 2018. Қолданбалы жобалардың белсенді қатысушысы (17 жоба), маркетинг, туризм және қонақжайлылық саласындағы сарапшы, кеңесші, бизнес-жаттықтырушы. Оқытатын курсы: инновациялық маркетинг, Стратегиялық маркетинг модельдері. |
![]() |
Сохатская Наталия Павловна Экономика ғылымдарының кандидаты, Менеджмент мектебінің доценті. Маркетинг саласындағы 20-дан астам ғылыми жарияланымның, 2 оқу құралының, бакалавриат, магистратура және PhD докторантура бағдарламалары бойынша дипломдық жұмыстарды орындауға арналған оқу-әдістемелік әзірлемелердің авторы. . Зерттеу саласы: маркетинг-менеджмент. Оқытатын пәндері: Аналитикалық маркетинг, маркетингтегі теңгерімді көрсеткіштер жүйесі.
|
![]() |
Тютюнникова Марина Владимировна Экономика ғылымдарының кандидаты, Менеджмент жоғары мектебінің доценті 20-дан астам ғылыми жарияланымның, 2 оқулық пен 1 оқу құралының авторы. Экономика саласындағы білім беру бағдарламаның бакалавриат мен магистратура бағыттарының програм-лидері. Ғылыми зерттеу саласы: Экономикалық талдау, Қаржылық талдау, тәуекелдерді басқару, инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау, статистика, эконометрика, сандық талдау әдістері. Оқытатын курстар: экономикалық процестерді модельдеу және болжау. |