8 727 313 30 90
8 727 313 30 93

Білім беру бағдарламасы: 8D04101-Менеджмент
 
Академиялық дәреже: «8D04101 – Менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша философия PhD Докторы
 
Оқу түрі: күндізгі
 
Оқу мерзімі: 3 жылдан кем емес
 
Оқыту тілі: орыс тілі
 
Оқу акысы: оқу жылына 1 500 000 тенге
 
8D04101-Менеджмент білім беру бағдарламасының миссиясы: кәсіби қызметте кешенді міндеттерді шеше алатын бизнес және басқару саласында жаңа буындағы жоғары білікті басқарушылық, ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау арқылы Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатына жәрдемдесу.
 
8D04101-Менеджмент білім беру бағдарламасының мақсаты: білім беру қызметтерінің қазақстандық және әлемдік нарығында бәсекеге қабілетті ғылыми және педагогикалық кадрларды, бизнес және басқару саласындағы мамандарды даярлау.
 
Білім беру бағдарламаның құрылымы: 
Компонеттер академиялық кредит бойынша академиялық сағат бойынша
 1.Міндетті пәндер 24 720
 1.1. Жоғары оқу орны компоненті 5 150
 1.2. Таңдау компоненті 5 150
 1.3. Педагогикалық практика 14 420
 2. Бейіндеуші пәндер 29 870
 2.1. Таңдау компоненті 15 450
 2.2. Зерттеу практикасы 14 420
 3. Тағылымдамадан өтуді және докторлық диссертацияны орындауды қамтитын докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы 115 3450
 4. Докторлық диссертацияны жазу және қорғау 12 360
 Барлығы 180 5400

 

PhD докторанту оқу жоспары 4 модульге бөлінгіен: 
зерттеу модулі – 125 кредит
кәсіби модулі  – 15 кредит
өндірістік практика модулі – 28 кредит
қорытынды атестаттау модулі – 12 кредит

Оқу жоспарының пәндері:
1. Зерттеулерді басқару
2. Экономикалық процестерді модельдеу және болжау
3. Деректерді талдау мен визуализациялаудың заманауи технологиялары (SPSS, R, Gretl, Pyton)
4. HR консалтинг
5. Адам капиталын басқару
6. Менеджменттің негізгі модельдері
7. Менеджменттің стратегиялық құралдары
8. Ұйымның өзгерістерін басқару
9. Компанияның өмірлік циклін басқару 


8D04101-Менеджмент білім беру бағдарламасының оқытушылары

 

Никифорова Нина Владимировна                         

Экономика ғылымдарының докторы, Менеджмент  жоғары мектебінің профессоры. 130-дан астам ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы, оның ішінде 5 монография мен 4 оқулық пен оқу құралдары. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік білім беруді дамыту тұжырымдамасын әзірлеуші. Экономика ғылымдарының 30 докторлар мен кандидаттардың, DBA және МВА ғылыми жетекшісі болды. Туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы персоналға арналған кәсіптік стандарттарды, үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуші, ҚР БҒМ-нен "Ы.Алтынсарин" атағының иегері. Консалтингтік жобалар саласындағы 15 жылдан астам тәжірибесі бар оқытушы. Оқытатын пәндері: зерттеулерді басқару, ұйымның өзгерістерін басқару.

Жанбырбаева Саним Мамановна  

Экономика ғылымдарының кандидаты, Менеджмент  жоғары мектебінің доценті. Ғылыми салалары: HR менеджмент, жобаларды басқару. 12 жылдан астам оқытушылық қызмет тәжірибесі, "Қазақтелеком" АҚ-ның практикалық жұмыс тәжірибесі бар. "Қазақстанның жоғары оқу орындарында адам ресурстарын дамыту және басқару стратегиясы" ("Strategy Development and Human Resource Management (HRM) in public higher education institutions (HEI) in Kazakhstan") және "PEOPLE - адамдарды дамыту арқылы білім беру ұйымдарын дамытуға жәрдемдесу" ғылыми жобаларына қатысты. Білім беру саласындағы адам ресурстарын басқару бойынша жаттықтырушы-кеңесші. Оқытатын пәндері: HR консалтинг

Масакова Салтанат Сеилхановна 

Экономика ғылымдарының кандидаты, Менеджмент жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры. Экономика мен бизнестің әртүрлі салаларын қамтитын 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. "Болашақ" президенттік стипендиялық бағдарламасы аясында Англия мен Испания университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтті. 20 жылдан астам, оның ішінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларында 8 жылдан астам оқытушылық қызмет тәжірибесі бар. Көліктік консалтингтік компанияда жобалық менеджер ретінде нақты секторда практикалық жұмыс өтілі бар. Оқытатын курстар: компанияның өмірлік циклін басқару

Тютюнникова Марина Владимировна

Экономика ғылымдарының кандидаты, Менеджмент жоғары мектебінің доценті 20-дан астам ғылыми жарияланымның, 2 оқулық пен 1 оқу құралының авторы. Экономика саласындағы білім беру бағдарламаның бакалавриат мен магистратура бағыттарының програм-лидері. Ғылыми зерттеу саласы: Экономикалық талдау, Қаржылық талдау, тәуекелдерді басқару, инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау, статистика, эконометрика, сандық талдау әдістері. Оқытатын курстар: экономикалық процестерді модельдеу және болжау.

Шалбаева Шолпан Есламбековна

Экономика ғылымдарының кандидаты, Менеджмент  жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры. 60-тан астам ғылыми жұмыстың, 2 оқу құралының авторы, ғылыми зерттеу саласы: менеджмент теориясы мен әдістемесі, көшбасшылықтың қазіргі тенденцияларды зерттеу, жеке даму, басқару шешімдерін қабылдау дағдылары бойынша бизнес-тренер. Оқытатын пәндер: менеджменттің негізгі модельдері, менеджменттің стратегиялық құралдары.

Яворская Жанна Халеловна

Психология ғылымдарының кандидаты, Менеджмент  жоғары мектебінің доценті, іскери әкімшілік докторы. Бизнес-жаттықтырушы, психолог-практик. Жеке тұлғаны дамыту және іскерлік дағдыларды қалыптастыру бойынша тренингтердің, семинарлардың, кеңестердің авторы және әзірлеушісі. Жеке және ұйымдастырушылық  психология және бизнес-кеңес беру саласында 20 жылдық тәжірибесі бар. Ғылыми-зерттеу сипатындағы үш оқу құралының және қырықтан астам жарияланымның авторы. Оқытатын курсы: адам капиталын басқару.

.