8 727 313 30 90
8 727 313 30 93

 

«Қоғаммен байланыс» мамандығы
 
Академиялық дәреже: Әлеуметтік білім бакалавры
Білім беру бағдарламасының шифры: "6В03201-Қоғаммен байланыс"
Таңдау бойынша пәндері: 2 шығармашылық емтихан
Оқу түрі және оқу ұзақтығы:

күндізгі (мектептен кейін) – 3 жыл
ТжКБ негізінде (колледжден кейін) күндізгі – 2 жыл

Мамандықтың сипаттамасы. «Алматы Менеджмент Университеті» ББМ  «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының негізінде мамандарды дайындауды жүзеге асырады. Қоғаммен байланыс – коммуникация индустриясындағы барлық заманауи беталыстарды айқындайтын мамандық. Сіз оқу барысында дәстүрлі емес көзқарасты қолданып, науқандарды дұрыс ұйымдастыруды, бұқаралық ақпарат құралдарымен (газеттер, радио, теледидар, интернет), клиенттермен, серіктестермен, бәсекелестермен және мемлекеттік құрылымдармен қарым-қатынас жасауды үйреніп, коммуникация бойынша табысты, заманауи маманға айналасыз.

Негізгі пәндер: Жүктеу

«Қоғаммен байланыс» мамандығының артықшылығы
  1. Мамандыққа нарықта сұраныстың болуы.

  2. Қоғамның барлық салалары мен бағыттарында жұмыс істеу: экономика, саясат, спорт, мәдениет, ұлттық компаниялар, коммерциялық компаниялар, банктер.

  3. Аталмыш мамандардың барлық мемлекеттік және саяси құрылымдарға міндетті түрде қатысуы.

«Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша бакалавр мамандар: 
  1. БАҚ –пен, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдармен, партиялармен, қозғалыстармен қажетті байланыс жасауды, орнатуды біледі;

  2. ақпараттық стратегияларды қалай дайындауды біледі;

  3. қоғамдық коммуникациялар саласындағы өзгерістерге шолу жасап, хал-ақуалын талдайды;

  4. PR құралдарын пайдаланады ( мақалалар, пресс-релиздер жазады, блог жүргізеді және т.б.)

  5. әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер жүргізу дағдыларын меңгереді;

  6. кей жарнамалық технологияларды қолдануда қажеттілікті көрсететін немесе артықшылық беретін тарих тәлімдеріне талдау жасау дағдыларын меңгерген;

  7. коммерциялық құрылымдарда, экономика, бизнес, өндіріс, сауда салаларында кәсіби міндеттерін іске асыруға қабілетті; ұйымның стратегиясын іске асыру барысында корпоративті әлеуметтік аспектілерді ескеруге қабілетті;

Негізгі білім беру траекториялары: 
  • Digital PR
Бұл траектория онлайн-жарнама мен email-жылжытудан бастап SMM мен контент-маркетингке дейінгі digital-құралдардың барлық жиынтығын ілгері деңгейде меңгеретін болашақ мамандарды даярлайды. Жұмыс нақты міндеттері, үйренеді құруға және продюсировать контент үшін цифрлық тасушы, сондай-ақ жоспарлау және өткізу науқаны онлайн-жылжыту. 
  • Creative PR

Бұл траектория қазіргі заманғы өнер мен шоу – бизнестен гуманитарлық және әлеуметтік жобаларға дейін әртүрлі салаларда сұранысқа ие мәдениет пен өнер саласындағы жобаларды ілгерілете алатын болашақ мамандарды дайындайды.

«Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламасына оқуға түсу үшін тапсырылатын шығармашылық емтихан туралы ЕРЕЖЕЖүктеу

   

Мамандықтың ерекшеліктері:
  1. үш тілде оқу мүмкіндігі: ағылшын, қазақ, орыс;
  2. академиялық ұтқырлық, 120-дан астам серіктес ЖОО;
  3. қосарлы оқу мүмкіндігі және мамандығы бойынша практикадан өту: қоғаммен байланыс бойынша Ұлттық Қауымдастық, Қазақстан баспасөз клубы, AlmaU –дың серіктес компанияларының PR бөлімдері;
  4. AlmaU-да «Коммерциялық емес сектордағы менеджмент» атты МВА-дің бірегей бағдарламасы бар;
  5. AlmaU-да әлеуметтік жауапкершілік дағдыларын қалыптастыратын бакалавриатқа арналған «Service learning» бағдарламасы бар.
. page_specialty_b