8 727 313 30 90
8 727 313 30 93

 

«Қаржы» мамандығы
 
Академиялық дәреже: Экономика және бизнес бакалавры
Білім беру бағдарламасының шифры: "6В04105-Қаржы"
Таңдау бойынша пәндер: математика және география
Оқу түрі және оқу ұзақтығы:
күндізгі (мектептен кейін) – 4 жыл
ТжКБ негізінде (колледжден кейін) күндізгі – 2 жыл
қашықтан оқыту (колледжден кейін) – 2 жыл
 
Мамандықтың сипаттамасы. «Алматы Менеджмент Университеті» ББМ 5В050900 – «Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындауды ҚР БҒМ 2014 жылғы 11 маусымда берілген № 14008551 мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырады, жарамдылығы-шектеусіз, білім беру бағдарламасы бойынша берілетін академиялық дәрежесі – экономика және бизнес бакалавры. «Қаржы» мамандығының оқу процесі, оқу бағдарламасы кредиттік технология жүйесінде ұйымдастырылады. Алматы Менеджмент Университетінде  «Қаржы» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы төмендегідей жабдықталған:
  1. Заманауи оқу және ғылыми-зерттеу зертханалары;
  2. Заманауи оқу құралдары, оқулықтар және электронды ресурстар;
  3. Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйесінде танымал жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам және шетелдік жоо оқытушылары, сонымен қатар практиктер – қаржылық институттардың қызметкерлері мен басшылары.

Оқытудың артықшылықтары. Университеттегі 5В050900 - «Қаржы» мамандығының білім беру бағдарламасы студенттерді дайындауда үш бағытта жүзеге асырылады:

  • Бизнес қаржылық басқару - қаржы нарықтары мен қаржы технологияларының жұмыс істеуінде кәсіби білімі бар, компанияның қаржы ресурстарын тиімді басқару бойынша менеджер дағдыларымен маман.
  • Қаржылық талдау және есеп  - өзгермелі бизнес орта мен белгісіздік жағдайларында тәуекелдерді басқару және бизнесті тиімді басқару саласында дағдылары бар мамандарды даярлау.


Негізгі пәндер: Жүктеу

Мұғалімдер туралы білу үшін: сілтемеге бас

«Қаржы» мамандығының оқу жоспарына:
  • үздік шетелдік ЖОО бағдарламаларымен біріктірілген мамандық бойынша кәсіби пәндер;
  • кәсіпкерлік пәндер;
  • ағылшын тілін тереңдетіп оқыту;
  • жеке тұлға құзыретін дамытатын пәндер.
«Қаржы» мамандығының бакалавр түлектері ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 2012 жылдың 21 мамырында бекіткен №201 бұйрығымен бекітілген «Басшылар, мамандар және басқа да қызметкерлердің біліктілік кестесіне» сәйкес төмендегідей лауазымдарда жұмыс істей алады:
  • Бағалы қағаздар бойынша аналитик
  • Инвестициялар бойынша аналитик (қаржылық аналитик)
  • Сақтандыру саласындағы аналитик (андеррайтер)
  • Биржалық маклер
  • Брокер
  • Сақтандыру агенті
  • Валюталық операциялар бойынша дилер, бағалы қағаздар бойынша дилер, қор биржасының дилері
  • Салық және салық жинау бойынша консультант
  • Қаржы жұмысы бойынша экономист (қаржы бойынша маман)
  • Қаржы бөлімінің басшысы (қаржы директоры)
  • Экономикалық жоспарлау бөлімінің басшысы.
«Қаржы» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалаврлары кәсіби, аналитикалық, консультативтік қызмет түрлерін жүзеге асырады:
  • барлық қызмет салалары мен меншік нысандары кәсіпорындарында;
  • мемлекеттік органдарда;
  • қаржылық, кредиттік, сақтандыру ұйымдарында;
  • ипотекалық, лизингтік, және ипотекалық компанияларда;
  • ғылыми-зерттеу ұйымдарында
  • білім беру мекемелерінде.
Алматы Менеджмент Университетінің 5В050900 «Қаржы» мамандығы бойынша оқып жатқан түлектердің қызметке тұру деңгейі жоғары. Түлектердің 80 пайыздан астамы бітіргеннен кейін алғашқы алты айдың ішінде жұмысқа тұрады.
2015-2016 оқу жылында бітірген түлектеріміз төмендегідей компанияларда жұмыс істейді:
  • PricewaterhouseCoopers,
  • Deloitte,
  • Ernst & Young,
  • «Crowe Horwath Nomad»,
  • «КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ,
  • «Kaspi Bank» АҚ,
  • «Банк ЦентрКредит АҚ»,
  • «ForteBank» АҚ,
  • «Евразийский Банк» АҚ,
  • «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ,
  • «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ,
  • «Сбербанк» АҚ ЕБ,
  • «BCC Invest» инвестициялық компаниясы,
  • Freedom Finance және т.б.
. page_specialty_b