8 727 313 30 90
8 727 313 30 93

 

«Құқықтану» мамандығы
 
Білім беру бағдарламасының шифры: "6В04201-Құқықтану"
Академиялық дәреже:  Құқық бакалавры
Бейіні бойынша пәндері: Тарих және Адам. Қоғам. Құқық
Оқу түрі және оқу ұзақтығы:
күндізгі (мектептен кейін) – 4 жыл
ТжКБ негізінде (колледжден кейін) күндізгі – 3 жыл
қашықтан оқыту (колледжден кейін) – 3 жыл

Мамандықтың сипаттамасы. «Алматы Менеджмент Университеті» ББМ «Юриспруденция» білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындауды жүзеге асырады. Юриспруденция жұмыс берушілер арасында сұранысқа ие мамандықтардың бірі, әрі AlmaU нақты бизнес саласына құқықтық қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыруға барынша мән береді. Біз бизнес саласына заңгерлер дайындаймыз, біздің түлектер жұмыспен қамту нарығында еркін бәсекелесе алады, олар Қазақстанда әрі шетелде түрлі салаларда табысты еңбек етіп келеді.

 «Юриспруденция» мамандығының артықшылықтары:

Университетте "Юриспруденция" мамандығының білім беру бағдарламасы студенттерді даярлаудың үш білім беру траекториялары бойынша жүзеге асырылады:

  • Бизнес және қаржы саласындағы заңгер. Осы білім беру траекториясын таңдаған студенттер ағылшын құқығын/корпоративтік құқықты, Халықаралық бизнес құқықты/жер қойнауын пайдалануды құқықтық реттеуді, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды үйренеді. Дуальды форматта студенттер кәсіпкерлік дауларды баламалы түрде шешуді және Шарттық құқық/ Отбасылық құқықты игереді.Қаржыгер-заңгерлердің қызығушылық саласы: ҚР Салық құқығы / ҚР Бағалы қағаздар нарығын құқықтық реттеу, ҚР банктік құқығы, ҚР және шетелдердің сақтандыру құқығы, ЕАЭО Кедендік құқығы.
  • Адам құқықтарын қорғау саласындағы заңгер. Осы білім беру траекториясын таңдаған студенттер болашақта адвокат лауазымына орналасуға, сонымен қатар бірқатар қажетті емтихандардан өтуге мүмкіндік алады.

Негізгі пәндер: Жүктеу

  1. Бизнесті құқықтық қамтамасыз етудің екі бағыты бойынша мамандандыру: кәсіпкерлік-құқықтық және қаржылық-құқықтық.
  2. Біздің студенттеріміз пәндерді дуалды оқыту форматында практикада өтуге мүмкіндігі бар.
  3. Біздің түлектер нарықта сұранысқа ие.
  4. Біз бизнес саласында заңгерлерді даярлаймыз.

"Құқықтану" мамандығы бойынша бакалаврлар»:

  • құқық теориясын, ұлттық және халықаралық заңнаманы біледі;
  • заңнаманы, құжаттарды және өзге де ақпаратты талдайды, заңды дұрыс шешімдер қабылдайды;
  • заңды құжаттарды құрастыра алады, келіссөздер жүргізе алады, тұлғалардың мүдделерін білдіре алады, командада жұмыс істей алады және басқарушылық шешімдер қабылдай алады;
  • заң қызметінің нақты салаларында нормативтік құқықтық актілерді білікті қолдануға, кәсіби қызметте материалдық және іс жүргізу құқығының нормаларын іске асыруға қабілетті болады;
  • кәсіби қызметтегі басқару инновацияларын қабылдау, талдау және іске асыру дағдысына ие болады;
  • риторика, көпшілік алдында сөйлеудің тәсілдері мен әдістерін, сөйлеу мәдениетін еркін меңгерген.
. page_specialty_b