8 727 313 30 90
8 727 313 30 93
 
 
 
 
«Мемлекеттік және халықаралық саясат» мамандығы
 
Академиялық дәреже: «Мемлекеттік және халықаралық саясат» мамандығы бойынша әлеуметтік білім бакалавры
Таңдауы бойынша пән: математика + география
Оқу түрі және оқу ұзақтығы:
күндізгі (мектептен кейін) – 4 жыл
ТжКБ негізінде (колледжден кейін) күндізгі – 3 жыл

Мамандықтықтың сипаттамасы

Студенттерге мемлекеттік және халықаралық саясатта себеп-салдарлық қатынастарды анықтау дағдыларын игеруге және аналитикалық дағдыларды дамытуға көмектесетін пәнаралық, пәнді жан-жақты зерттеу тәсілін қолданатын AlmaU бакалавры бағдарламасы. «Мемлекеттік және халықаралық саясат» мамандығы студенттерге мемлекеттік басқару саласындағы білімдер мен дағдыларды ескере отырып, өңірлік зерттеулер мен халықаралық қатынастар саласында кешенді және жүйелі білім алуға мүмкіндік береді.

Білім беру траекториясы

Public policy and administration. Бұл траектория бойынша студенттер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, аймақтық саясат және жергілікті билік, урбанизацию және сити-менеджмент, сондай-ақ әкімшілік құқық туралы білім алады.

Regional and Global Governance. Бұл траектория халықаралық қатынастар мен интеграциялық үдерістердегі, халықаралық қатынастар теориясы, халықаралық ұйымдар мен жаһандық басқару (екі жақты форматта) жүйесінде өңірлерді терең зерттеуді көздейді.

AlmaU-да осы мамандық бойынша оқытудың артықшылықтары мен өзектілігі

  • Медиация және жанжалдарды басқару орталығы, «Синергия» аналитикалық орталығы, ҮЕҰ сараптамалық орталығында кәсіби дағдыларын жетілдіру.
  • 120 шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында (Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Гонконг (Қытай), Малайзия, Сингапур, Польша) алмасу немесе қос дипломды бағдарлама бойынша оқуды жалғастыру мүмкіндігі. Білім алу серіктес университетте бұл мамандық болған кезде мүмкін.
  • Мектептің көптеген іс-шараларына қатысу: тақырыптар бойынша дөңгелек үстелдер, конференциялар, семинарлар - кәсіби білімін тереңдетуге және дағдыларды игеруге көмектеседі, нетворкингқа мүмкіндік береді.
  • Мемлекеттік және қоғамдық саясат пен құқық мектебінің әріптестері - Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың комитеті, «Альтернатива» Заманауи зерттеулер орталығы, мұғалімдер мен қонақ дәрістердің арасында мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, сарапшылар.
  • мемлекеттік қызметтегі әлеуметтік жауапкершілік дағдыларын меңгеру (бакалавриатта «Service learning» - «Қоғамға қызмет етуді үйрету»).
  • Негізгі білімнен басқа (ел экономикасының, саясатының, демографиялық және әлеуметтік жағдайының, мемлекеттік басқару мен муниципалды басқарудың негіздері, мінез-құлық мәдениеті және ресми этика туралы білім), студенттер талдау және сыни ойлау, болжау және жоспарлау, іскерлік коммуникация дағдылары, уақытты басқару, көшбасшылық дағдыларыға ие болады.
  • Екі шет тілі: 1 семестрден бастап ағылшын тілі, қытай, корей, испан (таңдау бойынша) - 3 семестрден бастап.
  • Сыртқы істер министрлігінде, Алматыдағы және басқа да облыстардағы әкімдіктерде, елшіліктерде және шетелдік өкілдіктерде, коммерциялық емес отандық және шетелдік ұйымдарда, коммерциялық емес ұйымдарда оқу, өндірістік және диплом алдындағы тәжірибе өту мүмкіндігі.
. page_specialty_b