8 727 313 30 90
8 727 313 30 93
 
 Студенттерді шартты түрде оқуға қабылдау бағдарламасы
 
ҚР Үкіметінің 19.01.2012 ж. № 111  (ҚР Үкіметінің 14.07.2016 ж. № 405 өзгерістер енгізуді бекіткен Қаулысы) Қаулысымен бекітілген  «Жоғары білім  беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың типтік ережелерінің» 5-3 тармақтарына сәйкес ЖОО-лар ақылы негізде ҰБТ немесе КТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған адамдарды оқуға қабылдай алады. 
 
«Алматы Менеджмент Университеті» білім беру мекемесінде  2016-2017 оқу жылынан бастап Foundation бағдарламасы жүзеге асырылып келеді, бұл бағдарламаға колледж  бен орта білім беретін мектептердің жоо-ға түсу үшін шекті балл ала алмаған түлектері қабылданады. Талапкер шартты студент мәртебесін алып 1 семестр  бойы білім беру бағдарламасы бойынша (әркім өз мамандығы бойынша) оқып, сонымен қатар бір мезгілде  кешенді тестілеуге (КТ)  дайындықтан өтеді.
 
Өткен оқу жылында Foundation бағдарламасында 10 мамандық бойынша  шартты студенттер оқыды. КТ-ға дайындық 4 ай бойы тәжірибелі оқытушы-тренерлердің басшылығымен  өтті. 2017 жылы қаңтардың 20 мен 24 аралығында базалық жоо-да өткен қайта тапсырылған КТ нәтижесі бойынша біздің студенттеріміздің барлығы КТ-ны  сәтті тапсырды, 60-тан бастап 85 балға дейін алды, толық құқықты негізде  «Алматы Менеджмент Университеті» білім беру мекемесіне оқуға қабылданды.
 

 AlmaU–ға 1 курсқа  шартты түрде қабылданған студенттерге арналған бағдарлама

Контингент

ҰБТ/КТ-ны алғаш  және қайта тапсыру кезінде 50 балл алмаған колледж және мектеп түлектері

 1 қыркүйектен бастап

Оқу мерзімі -1 семестр

Бағдарлама мазмұны

I Бакалавриатта  таңдаған мамандығы бойынша оқу жоспарындағы пәндерден академиялық дайындық  жүреді.

Оқу кезеңі  - 1 семестр

Көлемі - 18 кредит

II -1 Мектеп түлектерін  КТ-ны қайта тапсыруға дайындау:

1- блок – Қазақстан тарихы,  математикалық және оқу сауаттылығы

2-блок – Бейінді пәндер:

  • математика + география;
  • математика + физика;
  • ағылшын тілі + тарих;
  • математика + а,ылшын тілі;
  • тарих + ағылшын тілі

 

 

II -2  Колледж түлектерін КТ-ны қайта тапсыруға дайындау: мамандықтарына сәйкес жалпы бейінді және бейінді пәндері бойынша

Апта сайын оқу форматы

I Академиялық дайындау –  24 академиялық сағаттан кем емес

II КТ –ға дайындау  - 

8 академиялық сағаттан кем емес

 I+II оқудың бағасы

I Академиялық дайындау  

таңдаған мамандығы мен оқыту тіліне қарай  1 курста оқудың жылдық бағасының   ½

II КТ-ға дайындау –

1 пән үшін 25 000 теңге  бүкіл оқу курсы бойынша

 
Дайындық курстарындағы сабақтар барынша КТ талаптарына сәйкестендірілген:
  • пәндер бойынша оқу материалдары мен тапсырмалар  Ұлттық тестілеу  Орталығының тестілеріне бейімделген;
  • үнемі   оқу жетістіктерін тексеріп отыру үшін компьютерлік  немесе қағаз нұсқада тестілеу жүргізіледі;
  • кешенді тестіні тапсыру форматы таныстырылып, психологиялық дайындық жүргізіледі.
.