8 727 313 30 90
8 727 313 30 93

Дайындық курстары
 
Миссиясы – мектеп түлектерін ҰБТ/КТ тапсыруға дайындау, университетке бейімделуге көмектесу және академиялық оқу дағдыларын дамыту.
Бағдарламаның ұсынатыны:
  • ҰБТ/КТ –ға дайындықтың қарқынды курсы, жалпы білім беретін пәндер бойынша: Қазақстан тарихы, математикалық және оқу сауаттылығы; және 2 бейінді пәнге дайындау;

  • AlmaU-да академиялық білім алуға бейімделу және жеке тұлға дағдыларын дамыту;

  • шетелдік студенттерге академиялық тілді меңгеру деңгейін жақсарту және университеттің білім беру бағдарламаларындағы базалық пәндерді меңгерту.

AlmaU-дағы дайындық курстарының артықшылықтары :
  • оқу сапасына университеттің кепілдік беруі;

  • ҰБТ/КТ –ға дайындаудың заманауи әдістемелері, тестілердің өзекті базасы;

  • университетте оқуға бейімдеудің бірегей курсы ;

  • сабақтарды өтудің икемді кестесі;

  • оқытуда қолданылатын интербелсенді формат;

  • жоғары білікті оқытушылар құрамы;

  • сабақтарға, демалуға және студенттерге қолдау көрсету үшін жасалған қолайлы жағдай;

  • өтінім берген кезде кәсіби жетекшілік әрі қолдау;

  • төлемақының қолжетімділігі.

Ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігі, оған кіретіндер:
• электронды кітапхана және оқу залдары;
• компьютерлік және IT-жабдықтар;
• студенттік клубтар мен қауымдастықтың іс-шараларына Creative Zonе аймағында қатысуға мүмкіндік;
• Art&Sport Zone қызметін пайдалану;
• студенттер кафесі және т.б.;
 
Бағдарламалардың мазмұны мен кестесі :

Бағдарламаның атауы

Мазмұны

Кезеңі

«Мектептен университетке» мектеп түлектеріне арналған бағдарлама

Базалық және бейінді пәндер бойынша ҰБТ/КТ тапсыруға дайындау

 

наурыз-мамыр 

Талапкерлерге арналған жазғы жеделдетіп оқыту курстары

Базалық және бейінді пәндер бойынша бірінші және қайта ҰБТ/КТ тапсыруға дайындау



1 маусымнан 20 маусымға дейін; 3 шілдеден 6 тамызға дейін

Шетелдік студенттерге арналған бағдарлама

Базалық пәндер мен академиялық тілді меңгеру деңгейіне жету үшін тілдерді оқыту  

 

6 айдан 10 айға дейін

 
Мектептен университетке» бағдарламасы  
 
оқу мерзімі - 3 ай.
 

Контингент

Жалпы орта білім беретін

мектеп , лицей, гимназиялардың бітіруші сыныптарының оқушылары

2017 жылдың 1 наурызынан, оқу мерзімі- 3 ай

Бағдарламаның мазмұны

I  ҰБТ/КТ –ға

1-блок – Қазақстан тарихы, математикалық және оқу сауаттылығы;

2-блок – бейінді пәндер бойынша дайындау

II  Pathway модулі

( оқытудың мектептен университетке өтуі)

AlmaU топ-менеджерлері; жетекші оқытушылар

Апта сайынғы оқу форматы

I ҰБТ –ға дайындау -  8  аудиториялық сағат

II  Pathway модулі – 1 сағат

I+II оқудың бағасы

I КТ –ға дайындау – бүкіл курс бойынша 1 пәнге 25 000 теңге

II Pathway   модулі   тегін

 
Жазғы қарқынды курстар бағдарламасы
 

Талапкерлерге арналған жазғы дайындық курстары

Контингент

ЖОО-ға түсу үшін ҰБТ/КТ тапсыруға қатысатын мектеп түлектері

 ҰТО тестілері базасында ҰБТ/КТ дайындау

Бағдарламаның мазмұны

Тестілеу пәндері бойынша жеделдетіп оқыту:

  • Қазақстан тарихы,

  • математикалық сауаттылық,

  • оқу сауаттылығы;

Бейінді пәндер бойынша дайындау:

  математика + география;

  математика + физика;

  ағылшын + тарих;

география + ағылшын

Оқу форматы мен мерзімі

  1. ші лек – 2017 жылдың 1 маусымынан бастап 20 маусымына дейін аптасына 5 рет сабақ кестесі бойынша күніне 6 сағат

 

2-ші лек -  2017 жылдың 3 шілдесінен бастап 6 тамызға дейін аптасына 5 рет сабақ кестесі бойынша күніне 6 сағат

Оқу ақысы

сағатына 700 теңге

 

 
 Шетелдік студенттерге арналған тілдік бағдарлама
 
Шетелдік студенттерге арналған бағдарлама

Контингент

AlmaU –да орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде оқығысы келетін шетел азаматтары

Оқу мерзімі – 6 -10 ай

     I+II бағдарламасының мазмұны

I Академиялық өмірге бейімдеумен сабақтасатын 5-8 айлық тілді жеделдетіп оқыту

II Мамандығы бойынша жалпы білім беретін пәндерді және бейінді пәндерді таңдауына қарай оқу:

 математика; физика;

 кәсіпкерлікке кіріспе

Апта сайынғы I+II оқу форматы

I Академиялық мақсаттарға арналған кәсіби тіл – 9 сағат

II Академиялық дайындық 4 сағат,

Module Pathway – 1 сағат

Cultural awareness  - 2 сағат

Оқу ақысы

Бір студентке 1 айға 42 000 теңге

 

 
Бағдарламаның жетекшісі: Масанова Лаура Ертаевна
Мекен-жайы: Розыбакиев көшесі, 227
Телефон: 8 (727) 313-28-63
.