8 727 313 30 90
8 727 313 30 93
«Аймақтану» мамандығы
Академиялық дәреже: «Аймақтану» мамандығы бойынша әлеуметтік білім бакалавры
Оқу түрі және оқу ұзақтығы:
distance (after College) – 3 years
Мамандықтықтың сипаттамасы. «Алматы Менеджмент Университеті» ББМ 5В050500 – «Аймақтану» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының негізінде мамандар дайындауды іске асырады. Аймақтану - аймақтық қауымдастықтардың ішкі және сыртқы даму факторларын (геосаяси, географиялық, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, конфессионалды және т.б.), өңірлік топтасу, халықаралық қарым-қатынастар мен жаһандық бәсеке субъектілері ретінде қарастырылатын елдер мен олардың аймақтарын зерттейтін мамандық, студенттер Орталық Азия мен Каспий маңы аймақтарының ерекшеліктерін, тарихын, мәдениетін, дінін және осы аймақта тұратын халықтардың басқа да ерекшеліктерін зерттейді.

Бейінді пәндер және оқытушылар

Пән атауы

Оқытушының тегі, аты, әкесінің аты

Аймақтануға кіріспе

Фриджерио Альберто – PhD IMT, Institute of Advanced Studies, Lucca (Italy)

Отарбаева Бахытнұр Зейнуллаевна – Машықтанулары: Фулбрайт бағдарламасы бойынша Индиана Университетінде,АҚШ; Woodrow Wilson Center, Вашингтон, АҚШ; Дюк университетінде, Солтүстік Каролина, АҚШ; Haas Business School, Berkley University; ҮЕҰ сараптама орталығының Директоры, с.ғ.д.,  профессор

Каратаева Леся Роллановна – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері, ҚР Президентінен алғыс хат, т.ғ.д., профессор

Мусатаев Сейлбек Шаяхметович - 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы (7 монография), ҚХР университетінің құрметті профессоры, с.ғ.д., профессор

Айдарбеков Зейінәбіл Смайылханұлы - философия ғылымдарының докторы, доцент

Осколков Владимир Сергеевич – педагогикалық қызметте 34 жыл , АД курсты ендіру бойынша БҰҰДБ сарапшысы, ОААЭО ТДАБ бойынша сарапшы, 140-тан атам ғылыми және әдістемелік басылымдар, т.ғ.к., доцент

Тілеужанова Айымгүл Ислямханкызы – педагогикалық тәжірибесі 15 жыл; 90-нан астам ғылыми жарияланымдар; «Болашақ» бағдарламасының шәкірті, ҚР ҰПАО Арбитрі, Independent Arbitration Court; з.ғ.к., доцент

Чеботарев Андрей Евгеньевич – ҚР Тұңғыш Президенті Кітапханасының геосаясат және аймақтық зерттеулер Қызметінің ғылыми қызметкері; «Рейтинг.kz» Зерттеу агенттігінің сарапшылар Кеңесінің төрағасы; Сорос-Қазақстан Қорының Қамқоршылар кеңесінің мүшесі,с.ғ.к., доцент

Читанова Сандугаш Оксикбаевна - экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

Саари Даниал Борисович - Сорос Қорының 1998 жылғы стипендиаты, 2000-2001 Еуропа Кеңесі, халықаралық қатынастар саласында практик маман, Қызыл Крест Халықаралық Комитетінің делегат-аудармашысы, ілеспе аудармашы, экономика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

Губерт Александр Александрович - MBA магистрі, БАҚ саласында 28 жыл жұмыс тәжірибесі (республикалық БАҚ басшылық еткен), іскери әкімшілік магистрі

Бакирланова Айзада Нурлановна - Лейден және Амстердам Университеттерінде ғылыми машықтанудан өткен, Нидерланды, машықтану : ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ, ЮНЕСКО Алматы, әлеуметтік ғылымдар магистрі

Есенбаев Дулат Бейбутович - Варшава университетінде ғылыми машықтанудан өткен, Польша, әлеуметтік ғылымдар магистрі

Тажиев Ренат Робертович - Chung-Ang университетінде машықтанудан өткен, Сеул қ., Корея Республикасы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясында машықтанудан өткен, гуманитарлық ғылымдар магистрі

Халықаралық қатынастардың жүйелі тарихы

Халықаралық қатынастар теориясына кіріспе

Саясаттану

Әлем аймақтарының геосаяси тұжырымдамалары

Әлемдік саяси процесс

Қазақстан өңірлік қарым-қатынастар жүйесінде

Халықаралық қатынастар жүйесіндегі аймақтардың заманауи мәселелері

Аймақтардың тұрақты дамуы

Дипломатиялық қызмет негіздері

Әлемдік нарық және дипломатия

Келіссөз процесінің техникасы

Халықаралық құқық

Лаңкестік және Орталық Азиядағы лаңкестікпен күресу

Жаһандық қауіпсіздік және конфликтілерді шешу

Оңтүстік шығыс Азия халықаралық қатынастар жүйесінде

Каспий елдері мен Орталық Азия аймақтары халықаралық қатынастар жүйесінде

Каспий елдері мен Орталық Азия аймақтарының мәдени және діни ерекшеліктер

Меңгеріп жатқан аймақтың тілі (қытай / кәріс / испан) - 2-4 курстарда

Тілдерді дамыту Орталығы

 

«Аймақтану» мамандығының артықшылықтары:
  1. Аймақтану мамандығының түлегі аймақта болып жатқан экономикалық үдерістерге қатысты кәсіби білім алған маман: Жібек жолы экономикалық аймағы, Алматы орталықазиялық хаба ретінде;

  2. Аймақ мәдениетін білетін маман ретінде қалыптасады әрі сол аймақта тұратындардың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын үйренеді;

  3. Халықаралық және аймақ аспектілеріне байланысты аналитикалық жазбалар дайындауды үйренеді, аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастырады.

  4. Студенттер бүкіл оқу кезеңінде 2 шет тілін үйренеді.

«Аймақтану» мамандығы бойынша бакалавр мамандар: 
  1. Оқып жатқан аймақтарының/елінің/мемлекеттерінің тілін, тарихын, мәдениетін және саяси жүйесін біледі;

  2. аймақтың негізгі даму кезеңдерін зерттейді, қазіргі хал-ақуалын талдайды, аймақтың даму жолдарына шолу жасайды;

  3. сыртқы саяси, үгіттеу, ақпараттық кампанияларды жоспарлау дағдларын алады, әлеуметтік және саяси маркетинг дағдыларын, хаттамалық-ресми іс-шараларды ұйымдастыруды үйренеді;

  4. аймақтың сыртқы саясаты мен дипломатиясын басқару процестерін біледі, келіссөздер жүргізе алады, халықаралық бағдарламалардың үйлестірушісі бола алады;

  5. шешендік өнерді еркін меңгерген, көпшілік алдында сөйлеу тәсілдері мен әдістерін білетін, тіл мәдениеті мен үгіт жүргізу дағдысы қалыптасқан.

Мамандықтың ерекшеліктері:
  1. үш тілде оқу мүмкіндігі: ағылшын, қазақ, орыс;

  2. екі шет тілі: ағылшын 1 семестрден бастап, қытай, кәріс, испан ( таңдау бойынша) – 3 семестрден;

  3. ағылшын тілінде оқитын топта диплом жұмысы/ жобаны қорғау ағылшын тілінде жүреді;

  4. алыс және жақын шет елдерге академиялық ұтқырлық бағдарламалары;

  5. мүмкіндік - AlmaU-дың серіктес ЖОО-сында бір семестр оқу ;

  6. 80-нен астам - серіктес ЖОО, мемлекеттер: Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Малайзия, Сингапур, Польша, Литва, Түркия, Германия және т.б.;

  7. әлеуметтік жауапкершілік дағдыларын қалыптастыратын бакалавриатқа арналған «Service learning» бағдарламасы;

  8. Студенттер оқу, өндірістік және диплом алдындағы практиканы Сыртқы істер Министрлігінде, Әкімдіктерде (Алматыда, сондай-ақ басқа облыстарда), елшіліктерде және шетелдік өкілдіктерде, отандық коммерциялық және шетелдік ұйымдарда, коммерциялық емес ұйымдарда өтеді;

Қазіргі уақытта түлектер төмендегідей жерлерде жұмыс істейді:
  1. консулдықтарда ( Қытайдың және АҚШ-тың),
  2. Орталық Азияның Аймақтық Экологиялық Орталығында,
  3. Қазақстанның даму Банкісінде
  4. «Lomer Power Bridge» логистикалық компаниясында,
  5. «Нурлы Тау»компаниялар тобында және т.б.
  6. Жеке бизнестерін ашқан.
.