8 727 313 30 90
8 727 313 30 93

«Қоғаммен байланыс» мамандығы

 

Академиялық дәреже: «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша әлеуметтік бакалавры

 

Таңдау бойынша пәндері : 2 шығармашылық емтихан

 

Оқу түрі және оқу ұзақтығы:

 

distance (after College) – 3 years

 

Мамандықтың сипаттамасы. «Алматы Менеджмент Университеті» ББМ 5B051400 «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының негізінде мамандарды дайындауды жүзеге асырады. Қоғаммен байланыс – коммуникация индустриясындағы барлық заманауи беталыстарды айқындайтын мамандық. Сіз оқу барысында дәстүрлі емес көзқарасты қолданып, науқандарды дұрыс ұйымдастыруды, бұқаралық ақпарат құралдарымен (газеттер, радио, теледидар, интернет), клиенттермен, серіктестермен, бәсекелестермен және мемлекеттік құрылымдармен қарым-қатынас жасауды үйреніп, коммуникация бойынша табысты, заманауи маманға айналасыз.

 

Бейінді пәндер және оқытушылар

 

Пәннің атауы

Оқытушылардың тегі, аты, әкесінің аты

PR-технологиялар

Караулова Асель Адильевна  - Қазақстан Баспасөз клубының президенті; ҚР Президенті жанындағы Шетелдік Инвесторлар Кеңесінің имиджі бойынша Топтың мүшесі ; МPA (Master of Public Affairs), Миссури-Коламбия Университеті, АҚШ

Синилова Марина – «Нұрбанк» АҚ жарнама және қоғаммен байланыс басқармасының басшысы

Турабекова Бахытгуль Бектурсыновна – Ресей және Қытай Ғылыми зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері; «ҚР ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» ҚР БҒМ Алғыс хаты; Журналистика және PR магистрі, с.ғ. к.., доцент

Губерт Александр Александрович - MBA магистрі, БАҚ саласында 28 жыл жұмыс тәжірибесі (республикалық БАҚ басшылық еткен), іскери әкімшілік магистрі

Отарбаева Бахытнұр Зейнуллаевна – Машықтанулары: Фулбрайт бағдарламасы бойынша Индиана Университетінде,АҚШ; Woodrow Wilson Center, Вашингтон, АҚШ; Дюк университетінде, Солтүстік Каролина, АҚШ; Haas Business School, Berkley University; ҮЕҰ сараптама орталығының Директоры, с.ғ.д.,  профессор

Каратаева Леся Роллановна – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері, ҚР Президентінен алғыс хат, т.ғ.д., профессор

Мусатаев Сейлбек Шаяхметович - 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы (7 монография), ҚХР университетінің құрметті профессоры, с.ғ.д., профессор

Сонымен қатар практик -мамандар – Қазақстан Баспасөз клубының мүшелері

Ел брендингі және халықаралық PR

PR және бұқаралық коммуникация құралдары

PR-қызметінің негіздері. Халықаралық және жергілікті PR-нарығы

Паблик рилейшнз теориясы және практикасы

Жарнама

PR-жобаларды ұйымдастыру

Имиджеология

PR-дағы жағдаяттық талдау

PR –дағы зерттеу

Government Relations

PR түрлі салаларда

Материалдарды дайындау техникасы. Speech Writing

PR -дағы консалтинг

PR және бейнелеу технологиялары

Event management

Дербес брендинг

Антидағдарыстық PR

Медиа зерттеулер және медиа жоспарлау

PR бойынша практикум

Қаржылық коммуникациялар негіздері

PR әлеуметтік желілерде

 

 

 

«Қоғаммен байланыс» мамандығының артықшылығы

 

  1. Мамандыққа нарықта сұраныстың болуы.

  2. Қоғамның барлық салалары мен бағыттарында жұмыс істеу: экономика, саясат, спорт, мәдениет, ұлттық компаниялар, коммерциялық компаниялар, банктер.

  3. Аталмыш мамандардың барлық мемлекеттік және саяси құрылымдарға міндетті түрде қатысуы.

 

«Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша бакалавр мамандар: 

 

  1. БАҚ –пен, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдармен, партиялармен, қозғалыстармен қажетті байланыс жасауды, орнатуды біледі;

  2. ақпараттық стратегияларды қалай дайындауды біледі;

  3. қоғамдық коммуникациялар саласындағы өзгерістерге шолу жасап, хал-ақуалын талдайды;

  4. PR құралдарын пайдаланады ( мақалалар, пресс-релиздер жазады, блог жүргізеді және т.б.)

  5. әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер жүргізу дағдыларын меңгереді;

  6. кей жарнамалық технологияларды қолдануда қажеттілікті көрсететін немесе артықшылық беретін тарих тәлімдеріне талдау жасау дағдыларын меңгерген;

  7. коммерциялық құрылымдарда, экономика, бизнес, өндіріс, сауда салаларында кәсіби міндеттерін іске асыруға қабілетті; ұйымның стратегиясын іске асыру барысында корпоративті әлеуметтік аспектілерді ескеруге қабілетті;

 

Мамандықтың ерекшеліктері:

 

  1. үш тілде оқу мүмкіндігі: ағылшын, қазақ, орыс;
  2. академиялық ұтқырлық, 120-дан астам серіктес ЖОО;
  3. қосарлы оқу мүмкіндігі және мамандығы бойынша практикадан өту: қоғаммен байланыс бойынша Ұлттық Қауымдастық, Қазақстан баспасөз клубы, AlmaU –дың серіктес компанияларының PR бөлімдері;
  4. AlmaU-да «Коммерциялық емес сектордағы менеджмент» атты МВА-дің бірегей бағдарламасы бар;
  5. AlmaU-да әлеуметтік жауапкершілік дағдыларын қалыптастыратын бакалавриатқа арналған «Service learning» бағдарламасы бар.

 

.