8 727 313 30 90
8 727 313 30 93

 

AlmaU Инженерлік менеджмент мектебі «Software Engineering» и «Business analytics and Big Data» бағдарламалары бойынша білім беру қызметтерін жүзеге асырады.

Аталған мектеп туралы жоба Қазақстан мен Франция президенттері Франсуа Олланд пен Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуі нәтижесінде 2015 жылы пайда болды. Сол уақытта екі елдің білім министрлері қазақстандық жоғары оқу орындары мен француз жоғары инженерлік мектебі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойды. Аталған бағыттағы  жоба  құрылымдары қатысушыларының бірі-Almaty Management University.

Мектептің миссиясы – басқару құзіреттілігі бар  инженерлерді дайындау, әр саланың тоғысқан жерінде инновация жасай отырып, «ашық мұхит» жолын жасай білетін мамандар даярлау.

Оқу жоспары.  Мектеп халықаралық жоғары стандарттарға сәйкес құрылған және білімді іс жүзінде қолдана білуге үйрететін іргелі, негізгі пәндерді оқытады.  Білім беру шағын топтарда ағылшын тілінде жүргізіледі.

Мамандықтың сипаттамасы:

AlmaU кәсіпкерлік университет болғандықтан, Инженерлік менеджмент мектебінің білім беру бағдарламалары инженер-кәсіпкерлерді  тәрбиелеп-оқытып шығаруды мақсат етеді. Аналитика, техника және бизнес машықтарды қамтитын жаңаша ойлай білуді  үйретеді. «Software Engineering» және «Business analytics and Big Data» бағдарламасы  бизнес ортада техникалық прогреске-ілгерілеуге қажетті start-up мәдениеті үшін  дүниетанымды қалыптастырады.

Software Engineering – инновациялы технологиялық үрдіс машықтарына бағытталған.

Бағдарламашы инженер-компанияның  start-up жобасын жасай алатын маман иесі. Сонымен қатар студент нарық пен бизнес туралы жеткілікті дәрежеде түсінік алып, жоба жетістікке жету үшін қандай мамандарды қатыстыру керек екендігін меңгереді.

Business analytics and Big Data – ірі компаниялардың жұмысында мамандандырылады. Мысалы: «Самрұқ-Қазына», «ҚазМұнайГаз» және т.б. Орта көлемдегі  start-up мекемелермен салыстырғанда үлкен компанияларда ақпарат алу күрделірек және бюрократиялық басым. Аталған мамандық  ірі компанияларда жұмыс  істеуге бейімделген жаңашыл инженерлерді дайындайды.

Академиялық ұтқырлық: Малайзия, Қытай, Израиль және Еуропадағы серіктес-жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бойынша білім алады. Жазғы және қысқы мектептерде кейбір пәндерді оқу қарастырылады. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы үшін грант бөлінеді.

Гранттар:  Жұмыс берушілерге студенттерді болашақта жұмысқа қабылдау үшін университетте  оларға  грант беру жүйесі қарастырылған. Біздің  бағдарламаларымызға ынта білдіруші мекемелер: Almatel, AlmaTV, Колеса.kz,  Есенов қоры және т.б.

Жалпы бағдарламаның жылдар бойынша дизайны:

 

Компонент

Сипаттамасы

Оқу мерзімі

Жалпы білім беру пәндері

ҚР  МЖМБС сәйкес

1 курс

Базалық пәндер

Технология бағыттары бойынша базалық дайындық жүргізіледі (бағдарламалау, жобалау және бағдарламаларды басшылыққа алу), модельдеу (үрдісті модельдеу және сараптау), сонымен қатар бизнес (экономика, есеп, маркетинг және менеджмент).

1-2 курс

Бейіндік пәндер

Таңдаған оқу бағдарламасы бойынша  студенттерде негізгі құзіреттілік қалыптастырылады.

3-4 курс

Элективті пәндер

Базалық және бейіндік пәндер модулін тереңдете оқу үшін пәндерді таңдау мүмкіндігі беріледі

3-4 курс

 

Гранттар:  Жұмыс берушілерге студенттерді болашақта жұмысқа қабылдау үшін университетте  оларға  грант беру жүйесі қарастырылған. Біздің  бағдарламаларымызға ынта білдіруші мекемелер: Almatel, AlmaTV, Колеса.kz,  Есенов қоры және т.б.

Аталған тақырып бойынша жарияланған мақалалар сілтемесі:

https://republic.ru/specials/data-economics/articles/learning_to_count/

http://buduguru.org/profession/39#anchor2

 

page_specialty_b