8 727 313 30 90
8 727 313 30 93

 

«Аймақтану» мамандығы

Академиялық дәреже: Әлеуметтік білім бакалавры
Таңдауы бойынша пән: шет тілі және тарих
Оқу түрі және оқу ұзақтығы:
күндізгі (мектептен кейін) – 4 жыл
ТжКБ негізінде (колледжден кейін) күндізгі – 3 жыл

Мамандықтықтың сипаттамасы. «Алматы Менеджмент Университеті» ББМ «Аймақтану» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының негізінде мамандар дайындауды іске асырады. Аймақтану - аймақтық қауымдастықтардың ішкі және сыртқы даму факторларын (геосаяси, географиялық, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, конфессионалды және т.б.), өңірлік топтасу, халықаралық қарым-қатынастар мен жаһандық бәсеке субъектілері ретінде қарастырылатын елдер мен олардың аймақтарын зерттейтін мамандық, студенттер Орталық Азия мен Каспий маңы аймақтарының ерекшеліктерін, тарихын, мәдениетін, дінін және осы аймақта тұратын халықтардың басқа да ерекшеліктерін зерттейді.

«Аймақтану» мамандығының артықшылықтары:

"Аймақтану" мамандығының білім беру бағдарламасы университетте Студенттерді даярлаудың екі білім беру траекториялары бойынша жүзеге асырылады:

1. Әлемдік саясаттағы Батыс
Аймақтанудағы дәстүрлі бағыт. Батыс студенттер Еуропалық екі тілді, батыс елдеріндегі саяси процесс пен саяси ойды, ЕО елдерінің бизнес және сыртқы саясатын, этнографиясы мен мәдениетін зерттеуге шоғырланады.
2. Әлемдік саясаттағы Азия
Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс елдері бойынша сарапшылардың сұранысы жыл сайын артып келеді. Болашақ Шығыс мамандары екі шет тілін (ағылшын және мамандану елінде кеңінен таралған), Қытай мен "Азия Жолбарыстары" бизнес және сыртқы саясатын, осы елдердің тарихы мен мәдениетін үйренеді.

  1. Аймақтану мамандығының түлегі аймақта болып жатқан экономикалық үдерістерге қатысты кәсіби білім алған маман: Жібек жолы экономикалық аймағы, Алматы орталықазиялық хаба ретінде;

  2. Аймақ мәдениетін білетін маман ретінде қалыптасады әрі сол аймақта тұратындардың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын үйренеді;

  3. Халықаралық және аймақ аспектілеріне байланысты аналитикалық жазбалар дайындауды үйренеді, аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастырады.

  4. Студенттер бүкіл оқу кезеңінде 2 шет тілін үйренеді.

«Аймақтану» мамандығы бойынша бакалавр мамандар: 
  1. Оқып жатқан аймақтарының/елінің/мемлекеттерінің тілін, тарихын, мәдениетін және саяси жүйесін біледі;

  2. аймақтың негізгі даму кезеңдерін зерттейді, қазіргі хал-ақуалын талдайды, аймақтың даму жолдарына шолу жасайды;

  3. сыртқы саяси, үгіттеу, ақпараттық кампанияларды жоспарлау дағдларын алады, әлеуметтік және саяси маркетинг дағдыларын, хаттамалық-ресми іс-шараларды ұйымдастыруды үйренеді;

  4. аймақтың сыртқы саясаты мен дипломатиясын басқару процестерін біледі, келіссөздер жүргізе алады, халықаралық бағдарламалардың үйлестірушісі бола алады;

  5. шешендік өнерді еркін меңгерген, көпшілік алдында сөйлеу тәсілдері мен әдістерін білетін, тіл мәдениеті мен үгіт жүргізу дағдысы қалыптасқан.

Мамандықтың ерекшеліктері:
  • үш тілде оқу мүмкіндігі: ағылшын, қазақ, орыс;
  • екі шет тілі: ағылшын 1 семестрден бастап, қытай, кәріс, испан ( таңдау бойынша) – 3 семестрден;
  • ағылшын тілінде оқитын топта диплом жұмысы/ жобаны қорғау ағылшын тілінде жүреді;
  • алыс және жақын шет елдерге академиялық ұтқырлық бағдарламалары;
  • мүмкіндік - AlmaU-дың серіктес ЖОО-сында бір семестр оқу ;
  • 80-нен астам - серіктес ЖОО, мемлекеттер: Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Малайзия, Сингапур, Польша, Литва, Түркия, Германия және т.б.;
  • әлеуметтік жауапкершілік дағдыларын қалыптастыратын бакалавриатқа арналған «Service learning» бағдарламасы;
  • Студенттер оқу, өндірістік және диплом алдындағы практиканы Сыртқы істер Министрлігінде, Әкімдіктерде (Алматыда, сондай-ақ басқа облыстарда), елшіліктерде және шетелдік өкілдіктерде, отандық коммерциялық және шетелдік ұйымдарда, коммерциялық емес ұйымдарда өтеді;
Қазіргі уақытта түлектер төмендегідей жерлерде жұмыс істейді:
  1. Консулдықтарда ( Қытайдың және АҚШ-тың),
  2. Орталық Азияның Аймақтық Экологиялық Орталығында,
  3. Қазақстанның даму Банкісінде
  4. «Lomer Power Bridge» логистикалық компаниясында,
  5. «Нурлы Тау»компаниялар тобында және т.б.
  6. Жеке бизнестерін ашқан.
. page_specialty_b